"Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34626 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
К. Кажкенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) атқарушы орган-тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқармасы (төрағасы).
2) пай жарнасы – бұл тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің көп пәтерлі тұрғын үйдің барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларының жалпы алаңына пәтер ауданына бара-бар көп пәтерлі тұрғын үй құрылысына инвестицияланатын тұрғын үй-құрылыс кооперативі шығындарының сомасына сәйкес келетін пәтерді салу (құрылысты қаржыландыру) құны мөлшерінде жарнасы және ол пәтер салуға жұмсалған барлық шығындардың құнын, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша инвестициялық жобаны ұйымдастыру жөніндегі қызметтің құнынын қамтиды. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартына сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне берілетін пәтер не тұрғын емес үй-жай немесе тұрақ орны тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пай деп танылады;
3) тұрғын үй-құрылыс кооперативі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет ететін, көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды енгізген пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу мақсатындағы жеке тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;
2-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуді көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы пайшының дербес деректерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісімін алуды қамтамасыз етеді.
Өтінім демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүйеге келіп түскен жағдайда, өтінімді тіркеу жүйеде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетілген жүйеде өтінімді тіркеу туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушыға жүйедегі есептік жазба арқылы ұсынылады.
1) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының электрондық көшірмесін есепке қою кезінде – көрсетілетін қызметті беруші өтінімді Жүйеде тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Шарттың электрондық көшірмесін Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларының және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 180 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысының талаптарына сәйкестігін тексеру. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20346 болып тіркелген), сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдегі пайға үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне тексеру;
2) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысудың электрондық шартын есепке қою кезінде – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде автоматтандырылған жүйемен жүзеге асырады. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу электрондық шартының Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларының және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 180 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысының талаптарына сәйкестігін тексеру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20346 болып тіркелген), сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдегі пайға үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне тексеру.
Пайшыда электрондық пошта болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы пайшыға үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу туралы үзінді көшірмені қолма-қол ұсынады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
|
|
Жергілікті атқарушы |
Нысан
Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу көшірмесі
|
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі туралы мәліметтер (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және заңды/нақты мекенжайы) |
Құрылыс объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері, объектінің техникалық сипаттамасы) |
Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы мәліметтер |
Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының нөмірі және күні |
Пай туралы деректер |
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің пайларының саны туралы мәліметтер |
Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы деректер (нөмірі және күні) |
Шартты тоқтату (нөмірі, күні, негіздемесі) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы _____________ ______________________
(қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Үзінді жергілікті атқарушы органның елтаңбасы бар мөрмен бекітіледі
|
|
Жергілікті атқарушы |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
"Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары |
||
|
2. |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе); |
||
|
3. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының электрондық көшірмесін есепке қою – (бұдан әрі – Шарт) – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде; 2) электрондық шартты есепке қою – Жүйеде өтінім келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде; 3) шартқа қосымша келісімдерді және талап ету құқықтарын беру туралы шарттарды қою және есептен шығару шартты есепке алу рәсіміне ұқсас жүзеге асырылады. |
||
|
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
||
|
5. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау |
||
|
6. |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
тегін |
||
|
7. |
Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
||
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті аушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) электрондық көшірмесі немесе электрондық Шарт, 2) шартқа қосымша келісім; 3) талап ету құқығын беру туралы шарт; 4) пайшының жылжымайтын мүлікке құқықтарының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат немесе шарттың бұзылғанын растайтын құжат. |
||
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы. 5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы. |
||
|
10. |
Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін – Жүйе арқылы Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар |
||
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК