Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2-тармақта:
он төртінші және он бесінші абзацтар алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринария саласындағы бюджеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар».
|
Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Желдыбаев |