2024 жылғы қаңтар-наурызда ауданда сомасы 28,0 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейіне 110,6% Нақты көлем индексі 118,0% құрады.
Өткен кезеңде тау-кен өнеркәсібі саласында сомасы 19,5 млрд.теңгеге өнім өндірілген, өткен жыл деңгейіне 113,4%. Нақты көлем индексі 119,5 %. 296,7 мың тонна мыс-мырыш кені өндірілді(өткен жылдың деңгейіне 105,5%), мыс концентраттары 188,3 мың тонна (127,1%), қорғасын концентраттары 16,6 мың тонна (145,6%), мырыш концентраттары 10,8 мың тонна (142,1%) өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 7,3млрд. теңгені құрады, 2023 жыл деңгейіне 103,2%.Сала бойынша НКИ – 115,5%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жалпы көлемі 3,4 млрд. теңгені құрады, өткен жылғы деңгейге 109,9 %. Нақты көлем индексі – 106,7%. Оның ішінде мал шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,4 млрд.теңге, өткен жылғы деңгейге 109,7%.Нақты көлем индексі – 106,7%.
Ірі қара мал басы 20 346 басты (86,4%) құрады, оның ішінде сиыр 10 037 (116,0%), қой мен ешкі 11 582 бас (67,5%), шошқа – 7 852 бас (70,9%), жылқы 2 955 бас (101,2%), құс – 73 220 бас (95,9%).
«Воробьев Н.және Компания» КШ«Хамзин С.және Компания» КШ қайта құру кезінде мал басының сатылуына байланысты ІҚМ саны азайды. Қой, ешкі, шошқа және құс санының азаюы ЭШЕА деректерін жаңартумен байланысты. Бақылау аралау барысында ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша алшақтық анықталды.
Тірі салмақтағы ет 1,0 мың тонна (99,5%), сүт – 9,1 мың тонна (104,5%), жұмыртқа – 1 494,7 мың дана (104,2%) өндірілді.
«Агробизнес», «Кең дала» бағдарламалары бойынша «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары» шеңберінде «ШемАгроКредит» ЖШС кредиттік серіктестігі арқылы 1 122,9 млн.теңгеге 11 жоба мақұлданды.
Халыққа микрокредит беру бойынша «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыруға 2,5% 126,1 млн. теңге квота берілді. 142,4 млн.теңгеге 22 әлеуетті қарыз алушы бар, оның ішінде: мал шаруашылығын дамыту – 12 жоба; ара шаруашылығын дамыту – 3 жоба; жол бойындағы сервисті дамыту(ТҚС) – 3 жоба; ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу – 2 жоба; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – 1 жоба; жүк авто қызметтері – 1 жоба.
Ауданда 226,5 мың га ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде 142,8 мың га егістік, 17,4 мың га шабындық және 59,8 мың га жайылымдық жерлер бар.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылы дақылдардың құрылымы: дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар – 54,4%, майлы дақылдар -38,5%, картоп және басқа да көкөніс дақылдары-7,1% құрайды.
2024жылғыегінге 3891 га күздікдақылдарегілді, оның ішінде 700 га күздік қарабидай, 2999 га күздікбидай, күздікдақылдардыңжай-күйі қанағаттанарлық.
Жаздық егіс үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарына 16 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар тұқымы қажет, «КазАгрЭкс» АҚ филиалына 15,1 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы келіп түсті, оның 36% 1–сыныпқа, 48% 2-сыныпқа және 16% егіс стандартының 3-сыныбына жатқызылды.
Топырақтың құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер минералды тыңайтқыштарды жеткізуге шарт жасасты. 9,6 мың тоннаға жуық жеткізілді, оның 3,9 мың тоннасы (41%) отандық өндірушілердің минералды тыңайтқыштары («КазАзот» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС және «КосАгроКоммерц» ЖШС).
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге ауданға 3,6 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны (қажеттіліктің 69,2%) бөлінді.
2024 жылғы қаңтар-наруызда шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектілері саны 2 302 бірлікті құрады немесе өткен жылғы деңгейге 94,6% (2023 жылғы 1 сәуірге әрекет ететін ШОК саны – 2 433 бірлік). Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлеміндегі үлесі 94,5% құрады.
Төмендеу себебі: заңды тұлғалардың жабылуы, шаруа қожалықтарының ЖШС құрамына өтуі, табыстың болмауына, зейнеткерлік жасқа жетуіне және декреттік демалысқа шығуына байланысты кәсіпкерлік қызметтің жабылуы, сондай-ақ кәсіпорындарға жұмысқа орналасуына байланысты.
Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдауды іске асыру шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөніндегі бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 332,7 млн. теңгеге 4 жоба мақұлданды:
Бөлшек тауар айналымының көлемі 4,5 млрд.теңгені құрады, 2023 жыл деңгейіне 107,1%. Нақты көлем индексі-106,4%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,4 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 62,9%, нақты көлем индексі59,8%.
Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 3,4 млрд.теңге, 2023 жыл деңгейіне 95,5%, нақты көлем индексі 89,7%.
Инвестициялар салымдарының және құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемінің азаюы ағымдағы жылы «Шығыстүстімет» ЖШС «Артемьев алаңының екінші оқпанын салу» жобасының аяқталуымен байланысты.
Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға беру 1 103 шаршы метрді құрады, (102,1%).
2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша жеке табыс бойынша аудан бюджеті 160,4% орындалды, жоспар бойынша 923,1 млн.теңге, нақты түскені 1481,0млн. теңге, өткен жылғы деңгейге қарағанда 143,0%. Бюджеттің 4 деңгейінің орындалуы 429,0% құрады, жоспар бойынша 63,5 млн.теңге, 272,6 млн. теңге түсті.
2024 жылдың 1 сәуіріне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражат – 100,0 % игерілді, 782,6 млн. теңге жоспардан, 782,3млн. теңге игерілді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоттағы қалдықтары 0,3 млн.теңгені құрады. Қалдықтардың негізгі себептері: дөңгелектеу есебінен-0,2 млн. теңге, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу, мемлекеттік сатып алуды ұзақ уақыт өткізу-0,1 млн. теңге.
Орташа айлық еңбекақы 323 038 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне өсу қарқыны 116,4%.Нақты еңбекақы индексі 101,6%.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 413 адамды құрады, ол 2023 жылғы деңгейден 2,5% жоғары (2023 жылғы 01 сәуірге403 адам). Талданып отырған кезеңде 127 тұрақты жұмыс орны құрылды (2023 жыл-280). 251жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту қызметіне жүгінендер санынан аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 93,0% құрады(2023 жылдың 01 сәуіріне – 69,4%).
Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 84 адам тартылды, жастар тәжірибесіне 7 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам жолданды.
2024 жылғы 1 тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек 8,9 млн.теңге сомасына 73өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді (317 адам).
Ауданда 5 322 оқушысы бар мемлекеттік 23 және 1 жеке жалпы білім беретін мектеп, 724 баланы қамтитын 2 қосымша білім беру мекемелері, 1 351 баланы қамтитын 12 балабақша,12 бірлікшағын- орталықтаржұмыс істейді.
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 2-ден 6 жасқа дейін – 98,8%.0-ден 3 жасқа дейін МДБҰ кезектілік – 255 бала, 2-ден 3 жасқа дейін – 70 бала.
2024 жылғы қантар-ақпанда ауданда 51 адам туылды, 2023жылдың ұқсас кезеңінде 59 (8 адамға аз), 110 адам қайтыс болды,өткен жылы 122 адам (12 адамға аз). Нәресте және ана өлімінің жағдайлары тіркелген жоқ (2023 жылы – 1 нәресте өлімі).
2024 жылғы 1 тоқсанда қатерлі ісікпен сырқаттанушылық 36,8%, (100 мың тұрғынға шаққанда 93,3 га), қан айналымы жүйесі ауруларынан сырқаттанушылық 94,4% (100 мың тұрғынға шаққанда 688,9), туберкулездің 32,4% (100 мың тұрғынға шаққанда 9,4), сондай-ақ қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің 18,8% (100 мың тұрғынға шаққанда 33,3), қан айналымы жүйесінің ауруларынан 0,6% (100 мың тұрғынға 193,48) өсуі тіркелді. Туберкулезден болатын өлім-жітім тіркелген жоқ.
2024 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша аудандағы жедел жағдай тіркелген қылмыс санының 14,9% азаюымен сипатталады(2023 жылы – 67, 2024 жылы – 57).Қылмыстың ашылуы 75,0% (2023жылы – 90,7%).
2024 жылғы қаңтар-наурызда 4 ЖКО болды, 6 адам зардап шекті (2023 жылы - 4 ЖКО, зардап шеккендер – 10).
жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова