Шемонаиха ауданында бөлшек салықтың арнаулы
салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің
мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шемонаиха ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
- Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы
|
|
М. Желдыбаев
|