«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдар ЖАО көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді.
2023 жылы барлығы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз нысанда көрсетілді;
«Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ-мен бірлесіп әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтерді көрсету және алу туралы түсіндіру іс-шаралары, тікелей эфирлер, мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкелері өткізілді.
Бұрыштардағы консультанттар «электрондық үкімет» порталының сервистері, Mgov, telegram-бот @EgovKzBot2.0 мобильдік қосымшалары және онлайн режимде ЭЦҚ ресімдеу арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда болады.