Ауылдық округ әкімінің аппараты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес, 5 қызмет түрін көрсетеді. 2023 жылы 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 5 қызмет.
- "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу 9 қызмет.
- «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» -2
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында: мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беру «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылады.
2023 жылы барлығы 210 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) қағаз нысанында - 2 қызмет
2) «Е-лицензиялау» порталы арқылы - 15 қызмет
3) «электрондық үкімет» порталы арқылы - 195 қызмет.
Бұрынғысынша жұмыспен қамту және АХАТ, жұмыспен қамту, құрылыс және сәулет, жерді пайдалану қызметтері сұранысқа ие.
Округ әкімдігі «электрондық үкімет» порталының сервистері (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу, әлеуметтік желілерге жариялау, брошюраларды тарату және т.б.) арқылы электрондық форматта қызмет көрсетулерді алуды көпшілікке танымал ету бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдайды.
2023 жылы 3 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, 25 адам қамтылды.
Округ бойынша 2 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтерді көрсету және алу туралы түсіндіру іс-шаралары, онлайн-жәрмеңкелер өткізілді.
Біліктілікті арттыру курстарынан 1 мемлекеттік қызметші өтті.
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күн сайынғы бақылауда болады.