«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қаңтардағы № 467/НҚ бұйрығына сәйкес, ЖАО, ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді.
«Шемонаиха ауданының экономика және бюджетт жоспарлау бөлімі» ММ «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
2023 жылы барлығы 28 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 15 бас тартылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы 8 қызмет көрсетілді, оның ішінде 5 бас тартылды.
2023 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығына сәйкес «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру жөніндегі сенім білдірілген өкіл (агент) «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып белгіленді. Өтінім беру электрондық форматқа ауыстырылды. Отбасы Банкінің ресми сайтында экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі 20 қызмет көрсетті.