"Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ қызметі туралы 2023 жылғы есеп

«Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 7 мемлекеттік қызметті жүзеге асырады:

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай – ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы – 101 қызмет көрсетілді, оның ішінде 65-қабылданды, 36 - бас тартылды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар қатарында-798 адам тұр.

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендіру - 10
  2. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алу-2
  3. Қауіпті өндіруші объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару – 12
  4. Қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту – 0
  5. Ауданаралық (қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау – 44
  6. Ағаштарды кесуге рұқсат беру-0

 

 

 

 

Дата публикации
01 апреля 2024