Ауылдық округі әкімінің аппараты «Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2023 жылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
Сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту мақсатында мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді беру «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылды.
Барлығы 2023 жылы 1396 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
ЭЦҚ алу – 181 адам;
жалпы сипаттағы анықтамаларды беру – 461;
тууды тіркеу, туу туралы куәлікті алу – 2;
қайтыс болуды тіркеу, қайтыс болу туралы куәлікті алу – 12;
жүргізуші куәлігін беру – 1 адам;
архив анықтамаларын беру – 13;
шақырылудан кейінге қалдыруды беру – 10 адам;
медициналық ұйымға тіркеу – 25 адам.
«Электронды үкімет» порталы арқылы қызметтер ең сұранысқа ие болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің ғимаратында eGOV өз өзіне қызмет көрсету бұрышы қызмет көрсетеді, онда Выдрихалықтар өз бетімен онлайн түрде мемлекеттік қызметті ала алады. Қызмет алуға әкімдіктің екі маманы көмек көрсетеді.
Ауылдық округ әкімдігі «электронды үкімет» порталы сервистері арқылы электронды форматта қызмет алуды дәріптеу бойынша шаралар қабылдауда. 2023 жылы 8 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, халықты қамту ватсап веб топтары арқылы 699 адамды құрады.
Білікті арттыру курстарынан 1 мемлекеттік қызметші өтті.
«Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау көрсеткішін жақсарту бойынша жұмыс үнемі жүргізіледі және күнделікті бақылауда тұр.
Выдриха ауылдық округінің әкімі Л.Ступенько