Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

ЖОБА

 

 

Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Шемонаиха ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері бекітілсін.
  2. «Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7539 болып тіркелген) № 50/7-VI шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                                          ТАӘ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                   Шемонаиха аудандық мәслихатының

                                                                                   ___ _____________

                                                                                   шешімімен

                                                                                   бекітілді

 

 

 

Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

 

 

  1. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Шемонаиха аудандық бюджетінің қаражаты есебінен Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көрсетіледі.
  2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Шығыс Қазақстан облысы «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
  3. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет 11,197 (он бір бүтін бір жүз тоқсан жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде алушылардан Екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

Ұйымдардың бірінші басшылары алушылардың ұсынылатын тізімдерінде мәліметтерінің дұрыстығына жауапты болады.

  1. Әлеуметтік қолдаудың артық немесе заңсыз төленген сомалары ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

 

 

Дата публикации
26 февраля 2024