АҚПАРАТ

«Көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне енгізулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 174-VI ҚР Заңына сәйкес «Автомобиль көлігі туралы» Заңның 20-бабының 1-тармағы мынадай мазмұнмен толықтырылды:

«Әлеуметтік маңызы бар қатынастарда, сондай-ақ жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін жол жүруге, ал 15 пен 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, растайтын құжат (фотосуреті және тиісті белгісі бар зейнетақы куәлігі) болған кезде жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға құқығы бар».

Жоғарыда аталған қосымша 2023 жылғы 01 наурыздан бастап заңды күшіне енді.

 

 

 

Дата публикации
20 февраля 2024