Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың cхемасы мен тәртібін бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың cхемасы

мен тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының                 14-бабы 3-тармағы 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының  «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Шемонаиза ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. «Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың кестесі мен тәртібін бекіту туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 313 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5424 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шемонаиха ауданының әкімі                                                                 Г. Акулов

Дата публикации
25 января 2024