Шемонаиха ауданы бойынша 2024 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

                                                    

Шешім жобасы

 

 

 

 

 

 

Шемонаиха ауданы бойынша 2024 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10) тармағына, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  7-1-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына  сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

 

  1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері қала мен аудандағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - әрбір тәулік үшін болу құнының 0 (нөл) пайызымен бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресмижарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шемонаиха аудандық

мәслихатының хатшысы                                                         

 

                          

 
Дата публикации
23 января 2024