Шешім жобасы
Шемонаиха ауданы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10- тармағына, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Шемонаиха ауданы бойынша хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0,5 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде бекітілсін.
- Шемонаиха аудандық мәслихатының 23.06.2023 жылғы №4/5-VIII (Қазақстан Республикасының Әділет департаментімен 01.07.2023 жылы №8880-16 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресмижарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.