Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VІ «Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы

№ 29/7-VІ «Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VІ «Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау қағидаларын бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-193 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы              30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес.

көрсетілген шешімге қосымшаның 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                                  ТАӘ

 

 

Дата публикации
13 сентября 2023