Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26793 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 679)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.11.2022 № 661 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
|
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
|
Индустрия және инфрақұрылымдық |
|
|
|
даму министрінің |
|
|
|
2022 жылғы 8 ақпандағы |
|
|
|
№ 60 бұйрығымен |
|
|
|
бекітілген |
|
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.11.2022 № 661 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) төлемдер – жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алатын төлем алушыларға бюджет қаражаты есебінен төленетін өтемақы түрінде өтеусіз негізде тағайындалатын мемлекеттік қолдау. Төлемдерге коммуналдық төлемдер бойынша қамтамасыз ету және жалға алынған тұрғынжайды күтіп-ұстау жөніндегі өзге де шығыстар қосылмайды;
2) ағымдағы арнайы шот – төлемдерді есепке жатқызу және осы Қағидаларда көзделген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін алушы "Отбасы банк" АҚ-да ашатын ағымдағы банктік шот;
3) өтініш беруші (үміткер) – осы Қағидалар шеңберінде төлемдер алуға өтініш берген адам;