Усть-Таловка кенті әкімінің сайлау қорытындылары туралы Хабарлама

2023 жылғы 03 қыркүйекте Шемонаиха ауданы Усть-таловка кентінің әкімінің сайлауы өтті.

Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының,  Шемонаиха ауданының Усть - Таловка кенті әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлаушылар тізіміне 4092 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 3327 сайлаушы дауыс берді.

Усть - Таловка кентінің әкімі болып – Абюров Ринат Шакиртович сайланды, 1982 жылы туған, Усть - Таловка кентінің әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Усть – Таловка кентінде тұрады, "AMANAT"саяси партиясынан  ұсынылған.

Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық  Заңының 45 - бабына сәйкес,  2023 жылғы 04 қыркүйектегі шешіммен Усть-Таловка  кентінің әкімі болып сайланған Ринат Шакиртұлы Абюровті тіркеді.

 

                                                         Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
04 сентября 2023