Жер заңнамасындағы өзгерістер туралы

Осы хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 236 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2023 жылғы 21 маусымда №32866 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.06.2023 ж.) «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына Қағидалар мен Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесін жаңа редакцияда бекіте отырып өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:

1) «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту»;

2) «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

3) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

4) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»;

5) «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»;

6) «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»;

7) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;

8) «Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау»;

9) «Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру»;

10) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеу не бөліп төлеу арқылы сату»;

11) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
24 июля 2023