Шемонаиха қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы
Шемонаиха қ. 10 шілде 2023 жыл
Жиналыс өкілдерінің жалпы саны - 25
Жиналысқа қатысқандар – 17
Е.В. Драчев
Жиналыс хаттамасын жүргізу үшін төраға мен хатшыны сайлау қажет. Юрий Петрович Старожиловты төраға етіп сайлау туралы ұсыныс түсті.
«Қолдап»-17, «қарсы» -0, «қалыс қалғандар» -0 дауыс берді. Жиналыс төрағасы сайланды.
Хатшы болып Валентина Николаевна Камчатнаяны сайлау туралы ұсыныс түсті.
«Қолдап» -17, «қарсы»-0, «қалыс қалғандар» - 0 дауыс берді. Жиналыс хатшысы сайланды.
Жиналыс төрағасы Ю. П. Старожилов: Біз Жиналыстың күн тәртібіне көшеміз. Бүгін келесі мәселелер қаралуда:
Күн тәртібінде:
Күн тәртібі бойынша дауыс беруіңізді сұраймын, «қолдап» -17, «қарсы» -0, «қалыс қалғандар» -0. Жиналыстың күн тәртібі бекітілді.
Жиналысты өткізудің мынадай регламенті ұсынылады: негізгі сөз сөйлеу үшін – 5 минутқа дейінгі регламент, сұрақтар, ұсыныстар, түсініктемелер – 3 минутқа дейін. Дауыс беруге қойылады: «қолдап»- 17, «қарсы»-0, «қалыс қалғандар» - 0. Регламент бекітілді.
Е.В.Драчев:
Құрметті жиналысқа қатысушылар, «Елді мекендердің әкімшілік-аумақтық бірліктерін, құрамдас бөліктерін атау, қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының пікірін есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Ономастикалық жұмыстарды одан әрі