«Шемонаиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 14/8–VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

 

 

 

 

«Шемонаиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 14/8–VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шемонаиха ауданы мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/3-VII «Шемонаиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26392 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:       

         көрсетілген шешімнің қосымшасының 4 - тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:        

        «4. Шығындарды өтеу әтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан  анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған  айға дейін жүргізіледі.»;

        «6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға осы Қағидаларған 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса  осы Қағидаларға 1 немесе 2- косымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

          Өтініш беруші мүгедектігі  бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындауға үшін портал арқылы  жүгінген кезде ұсынылған  мәліметтерді растау және осы Қағидвларға 2- косымшаға сәйкес әтініш нысанында көзделген кажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

      Лауазымы                                                                             ТАӘ  

Дата публикации
26 июня 2023