Мамырдың 10 күні кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында «Балалар жол апатының алдын-алу, болдырмау мақсатында уйымдастырылған жұмыс» тақырыбында кезекті отырыс өткізілді.

Сондай-ақ, оқу орнына ұзақ бармайтын кәмелетке толмаған балаларға қатысты Ю.А Гагарина атындағы №3 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Т.М Тихонованың өтініші қаралды.

Ата-аналық міндетін толық атқармағандығы үшін Білім бөлімі басшысының м.а С. Сулеймановтың өтініші қаралды.

Полиция майоры Отарбаева Л, Білім бөлімінің бас маманы Абдрахманов Т баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешім қабылдап, жауапты органдарға тапсырмалар берілді.

 

Дата публикации
17 мая 2023