2023 жылғы қаңтар-наурыз айларында сомасы 25,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейіне 98,1% Нақты көлем индексі 85,4 % құрады.
Өткен кезеңде тау-кен өнеркәсібі саласында сомасы 17,3 млрд.теңгеге өнім өндірілген, өткен жыл деңгейіне 106,5%. Нақты көлем индексі 82,6 %. Төмандеу себебі: өндірілетін кен құрамындағы металдардың азаюы. Кен 281,2 мың тонна, өткен жылдың деңгейіне 97,7%, мыс концентраттары 14,4 мың тонна (76,6%), мырыш концентраттары 7,6 мың тонна (70,4%) өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 7,4 млрд. теңгені құрады, 2022 жыл деңгейіне 81,6%.Сала бойынша НКИ – 89,5%.Шикізаттың жетіспеушілігіне байланысты өсімдік майын өндіру көлемі 28,4% төмендеді.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жалпы көлемі 3,4 млрд. теңгені құрады, өткен жылғы деңгейге 121,0 %. Нақты көлем индексі – 104,6%.
Тірідей салмақта ет өндірісінің көлемі 1,1 мың тонна (112,1%), сүт – 9,3 мың тонна (101,9%), жұмыртқа – 1 604мың дана (106,1%) өндірілді.
Мал басы: ІҚМ – 28799 бас (99,3%), оның ішінде сиыр – 10 189 бас (101,5%), қой және ешкі – 16059 бас (104.4%), шошқалар –11 134 бас (102.4%), жылқылар – 3 239 бас (101,5%), құстар – 76 328бас (102,7%).
«Іскер» микрокредиттеу бағдарламасы бойынша «Шемагрокредит» ЖШС кредиттік серіктестігі арқылы 4,9 млн. теңге сомасында мал шаруашылығын дамытуға кредит берілді, 52,4 млн.теңге сомасында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 3 кредит, 8,6 млн. теңге сомасында мал шаруашылығын дамытуға 1 кредит мақұлданды.
Ауданда 227,2 мың га ауыл шаруашылық пайдалы жер бар, оның ішінде 142,2 мың гектар егіндік, 61,4 мың гектар жайылым және 17,2 мың гектар табиғи шабындық.
Алдын ала деректер бойынша 2023 жылы егіндік құрылымы мынаны құрайды: дәнді-бұршақ дақылдарды 54,8%, майлы дақылдар 35,9%, картоп және басқа да көкөніс өнімдері 9,3%. Ағымдағы жылы суармалы жерлердің ауданы 82% ұлғаяды және 1 400 га құрайды.
Топырақтың құнарлығын және ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 19 мың тонна минералды тыңайтқыштарды жеткізуге шарттар жасасты (2022 жыл – 18,5 мың тонна).
Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары жаппай репродукция тұқымдары мен үшінші сынып тұқымдарынан бас тартты. 2023 жылғы егінге 15,4 мың тонна тұқым егілді. Зертхананың қорытындысы бойынша 14,7 мың тонна тұқым (95,5%) егу сапасына тексеруден өтті. Талдау нәтижелері бойынша 13,0 мың тонна – 1 және 2-класты (88,9%). Ауыл шаруашылығы құрылымдары ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын - элиталық тұқымдармен және бірінші репродукциялы тұқымдармен сатып алуды және жаңартуды жалғастыруда
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауданға жеңілдік бағамен 3 965 тонна дизель отыны бөлінді, жеткізіп беретін операторлар анықталды.
2023 жылдың басынан бастап ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары сомасы 724,7 млн.теңгеге 20 бірлік өздігінен жүретін техника және 19 бірлік аспалы топырақ өңдеу жабдығын сатып алды.
2023 жылғы 1 сәуірге шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектілері саны 2 433 бірлікті құрады (өткен жылғы деңгейге 118,3%). Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлеміндегі үлесі 95,3% құрады.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 4,2 млрд.теңгені құрады, 2022 жылғы деңгейге қарағанда 133,0%. Нақты көлем индексі-110,3%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8,6 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,3%, нақты көлем индексі101,6%.
Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 3,5 млрд.теңге, 2022 жыл деңгейіне 76,9%, нақты көлем индексі 76,6%.
Инвестициялар салымдарының және құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемінің азаюы ағымдағы жылы «Шығыстүстімет» ЖШС «Артемьев алаңының екінші оқпанын салу» жобасының аяқталуымен байланысты.
Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға беру 1 080 шаршы метрді құрады, (101,7%).
2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша жеке табыс бойынша аудан бюджеті (3 деңгей) 148,8% орындалды, жоспар бойынша 632,6 млн.теңге, нақты түскені 941,3млн. теңге, өткен жылғы деңгейге қарағанда 128,2%. Бюджеттің 4 деңгейінің орындалуы 173,6% құрады, жоспар бойынша 54,2 млн.теңге, 94,2 млн. теңге түсті.
2023 жылдың 1 сәуіріне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражат – 99,9 % игерілді, 736,7млн. теңге жоспардан, 736,0млн. теңге игерілді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоттағы қалдықтары 0,7 млн.теңгені құрады. Қалдықтардың негізгі себептері: құжаттардың қайтарылуына байланысты – 0,5 млн.теңге, дөңгелектеу есебінен – 0,2 млн. теңге.
Орташа айлық еңбекақы 277 584 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне 129,9%. Нақты еңбекақы индексі 112,7%.
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 403 адамды құрады, ол 2022 жылғы деңгейден 72,2% төмен (2022 жылғы 01 сәуірге234 адам). Талданып отырған кезеңде 280 тұрақты жұмыс орны құрылды (2022жыл-115). 263 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту қызметіне жүгінендер санынан аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 69,4% құрады(2022 жылдың 01 сәуіріне – 77,1%).
Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 127 адам тартылды, жастар тәжірибесіне 5 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 19 адам жолданды.
2023 жылғы қаңтар-наурызда атаулы әлеуметтік көмек 11,7 млн.теңге сомасына 99өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді (419 адам), 0,05 млн. теңге сомасына 8 алушыға тұрғын үй көмегі төленді.
Ауданда 5 190 оқушысы бар мемлекеттік 23 және 1 жеке жалпы білім беретін мектеп, 750 баланы қамтитын 2 қосымша білім беру мекемелері, 1 393 баланы қамтитын 12 балабақша,12 бірлікшағын- орталықтаржұмыс істейді.
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 2-ден 6 жасқа дейін – 97,3%.
2023 жылғы қаңтар-наурыз айларында ауданда 91 адам туылды, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 102 (1 адамға аз), 180 адам қайтыс болды (2022 жыл – 180 адам). Нәрсете өлімінің 1 жағдайы тіркелді, 1000 тірі туылғанға көрсеткіш 10,99. Ана өлімі тіркелген жоқ.
Туберкулезбен сырқаттанушылық 3 жағдай немесе 100 мың тұрғынға 7,2 (2022 жыл – 5 жағдай, 100 мың тұрғынға 11,7). Туберкулезден өлім-жітім тіркелген жоқ.
Қатерлі ісікпен ауыру 28 жағдай (2022 жыл – 31 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 68,2 және өлім-жітім 3 жағдай тіркелді (2022 жыл – 10 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 28,2.
2023 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан аумағында 67 қылмыс тіркелді, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 26,4% төмен (2022 ж.- 91). Қылмыс деңгейі 10 мың тұрғынға 64,5 құрады (2022 ж.-88,4). Қылмыстың ашылуы 90,7% (2022жылы – 84,1%).
Ағымдағы жылы 4 ЖКО болды, 10 адам зардап шекті, қайтыс болғандар жоқ (2022 жылы - 5 ЖКО, зардап шеккендер – 9, қайтыс болғандар жоқ).
жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова