«ШҚО Шемонаиха ауданы Выдриха ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

Ауылдық округтің аппараты «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2022 жылы барлығы 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  • «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешімді беру» - 2;
  • «Сауданы (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттің меншігіндегі жер телімдеруне құқықты сатып алу» - 3;
  • «Жер телімін біржолғы немесе бөліп төлеуге жеке меншікке сату» - 2.

Сыбайлас жемқорлық қауіптерін барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызметт і көрсетуге өтініштер «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылдады.

2022 жылы барлығы 1506 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • «Е-лицензиялау» порталы арқылы – 7 қызмет;
  • «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтің келесі түрлері көрсетілді – 995, оның ішінде:

ЭЦҚ алу – 213 адам;

жалпы сипаттағы анықтамаларды беру – 639;

тууды тіркеу, туу туралы куәлік алу – 3;

қайтыс болуды тіркеу, қайтыс болу туралы куәлікті алу – 6;

жүргізуші куәлігін беру – 10 адам;

архив анықтамаларын беру – 100;

шақыруды кейінге қалдыруды беру – 9 адам;

медициналық ұйымға бекіту – 15 адам.

  • Қағаз тасымалдағышта көрсетілген қызметтер – 504.

«Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер ең сұранысқа ие қызметтер болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің ғимаратында eGOV өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы қызмет жасайды, онда выдрихалықтар өз бетімен онлайн мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндіктері бар. Әкімдіктің екі маманы қызметті алуға көмек көрсетеді.

Ауылдық округтің әкімдігі «электронды үкімет» порталының сервистері арқылы электронды форматта қызмет алуды дәріптеу бойынша шараларды қабылдайды. 2022 жылы 9 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, ватсаб веб топтары арқылы 570 адам тұрғындар қамтылды.

Біліктілікті арттыру курстарынан 2 мемлекеттік қызметші өтті.

«Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткішін жақсарту бойынша жұмыс үнемі жүргізіледі және күнделікті бақылауда тұр.

 

 

Выдриха ауылдық округінің әкімі                                            Л.Ступенько

Дата публикации
11 мая 2023