Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2022 жылғы қызметі туралы есеп

«Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

«Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2022 жылы барлығы 1737 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

  1. «Елді мекенде шегінде объекті құрылыс үшін жер учаскесін ұсыну» - 55, оның ішінде 5 бас тарту;
  2. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» -436, оның ішінде 7 бас тарту;
  3. «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік нысанының мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» - 300, оның ішінде 3 бас тарту;
  4. «Эскизді жобаны келісу» - 340;
  5. «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру» - 117;
  6. «Салынған объектіні меншік иесінің өз бетінше пайдалануға қабылдау актісі» - 446, оның ішінде 1 бас тарту;
  7. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» - 43.

Барлық қызметтерге мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері мен паспорттары әзірленіп, бекітілді, олар бөлімнің ақпараттық стендінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры және ХҚКО ЫАЖ Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе пайдаланылады.

2022 жылдың 12 айында құрылыс бөлімі 1737 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде ХҚКО арқылы-801, Е-Лицензиялау - 893.

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету заңнамада белгіленген мерзімде жүргізіледі.

Дата публикации
10 мая 2023