Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ бұйрығы бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар, ЖАО көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді.
2022 жылы барлығы 3597 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта 3335, бұл 92,7% - ды құрайды.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 3597 қызмет:
- 16 қызмет немесе 0,44% қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
- 246 қызмет немесе 6,8% «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
- 3335 қызмет немесе 92,7% электрондық форматта, оның ішінде: «электрондық үкімет» порталы арқылы - 170 (407%), Ақпараттық жүйелер арқылы - 3165 (87,9%), «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы - 0 (0,0%).
Мынадай қызметтер бұрынғысынша сұранысқа ие болып отыр: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру, тұрғын үй көмегін тағайындау, мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу, жүріп-тұруында қиындықтары бар бірінші топтағы мүгедектердің жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу, Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу, мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу, жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу, жұмыссыздарды тіркеу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру.
Аудан әкімдігі тұрақты негізде «электрондық үкімет» порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтер алуды насихаттау шараларын қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу, БАҚ-та, жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік желілерінде жариялау, брошюраларды тарату және т.б.). 2022 жылы 1451 адам қамтылған ағымдағы түсіндіру консультациялары өткізілді.
Бөлімде 1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтерді көрсету және алу туралы түсіндіру іс-шаралары, мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкелері өткізілді.
Бұрыштардағы консультанттар «электрондық үкімет» порталының сервистері, Mgov мобильдік қосымшалары арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу және онлайн режимде ЭЦҚ ресімдеу, әлеуметтік қызметтер порталында ОТҚ таңдау бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
2022 жылы біліктілікті арттыру курстарынан мемлекеттік қызметшілер өткен жоқ.
«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және бөлім басшысының бақылауында болады.