«ШҚО Шемонаиха ауданы Разин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2 қызмет түрі көрсетілді, оның ішінде 1 қызмет жеке тұлғаларға, 1 қызмет заңды тұлғаларға.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз түрінде қызмет көрсетілмеген.

Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда – 2 қызмет түрі, оның ішінде «Е-лицензиялау» МДБ веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін – 2 қызмет.

Көрсетілетін қызметті алушыларға олардың санын, себептерін және оларға жауап ретінде қабылданған шараларды көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы мәліметтер.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік қызметті көрсетуден 1 бас тарту тіркелді.

Есептік кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып қаралған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар туралы мәліметтер, олардың саны, себептері және олар бойынша қабылданған шаралар көрсетіледі.

Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша қабылданған түсіндіру шаралары туралы ақпарат.

Разин ауылдық округі әкімі аппаратында 1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда Разин ауылдық округінің тұрғындарына ЭСҚ алу, «Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы», наркологиялық диспансерден, психоневрологиялық диспансерден анықтамалар алу және т.б. мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілігін арттырудан өткен қызметшілер туралы мәліметтер.

Есепті кезеңде қызмет көрсетушілердің біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметшілержоқ.

Дата публикации
10 мая 2023