«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» ММ 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Мемлекеттік қызметтерді «ШҚО Шемонаиха ауданының Усть-Таловка  кенті  әкімінің аппараты» ММ көрсетеді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ бұйрығына сәйкес ЖАО көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі, ведомстволық бағынысты ұйымдар Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бекітілді.

2022 жылы барлығы 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта 9,  қағаз жүзынде 4, бұл 100 % - ды құрайды.

Мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан қызмет көрсетілгені:

- 9 қызмет электронды форматта, ақпараттық жүйелер арқылы «Е-лицензиялау» МДБ арқылы – 9, қағаз жүзынде Мемлекеттік корпорация арқылы - 4.

Ең көп сұранысқа ие - жер пайдалану қызметтері.

Округ әкімдігі электронды үкімет порталының қызметтері арқылы (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу, БАҚ-та жариялау, брошюраларды тарату және т.б.) электронды форматта қызмет алуды насихаттау бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауда. 2022 жылы 2120 адам қамтылған 4 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны мен сапасы тұрақты бақылауда.

Ауылдық округте 1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы есепті кезеңде 742 ЭЦҚ, наркологиялық, психикалық аурулары және соттылығы жоқ науқастардың электронды тіркелімінен анықтамалар, стационарға тіркелу, тіркеуді растайтын мәліметтер берілді.

Бұрыштағы консультант халыққа «электрондық үкімет» порталының қызметтері арқылы электронды қызметтерді өз бетінше алу және ЭСҚ онлайн тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

1 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде және күнделікті бақылауда.

Дата публикации
10 мая 2023