«ШҚО Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі көрсетіледі:

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

 - Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

- жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;

 - жер учаскесін алуға кезекке қою.

Округ әкімінің аппараты көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде электрондық түрде жүзеге асырылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді.

2022 жылы «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы барлығы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Округ әкімдігі тұрақты негізде «Электрондық үкімет» порталының сервистері (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу, БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату және т.б.) арқылы электрондық форматта қызметтер алуды танымал ету жөнінде шаралар қабылдауда. 2022 жылы 6 түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, халықты 320 адам қамтылды.

Әкімдік ғимаратының фойесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған.

Бұрыштағы консультанттар «электрондық үкімет» порталының сервистері, Mgov мобильдік қосымшалары, @EgovKzBot2.0 Telegram-боты және онлайн режимде ЭЦҚ ресімдеу арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда болады.

Дата публикации
10 мая 2023