Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 467/НҚ бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдар ЖАО көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді.
Барлығы 2022 жыл 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта "Е-лицензиялау" МДБ арқылы - 3, бұл 60%,қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы–2, Бұл 40% құрайды.
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Верх-Уба ауылдық округі әкімінің аппараты жер пайдалану мәселелері бойынша қызметтер көрсетеді.
Ауылдық округ әкімінің аппараты тұрақты негізде "Электрондық үкімет" порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтер алуды танымал ету бойынша шаралар қабылдайды (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу, БАҚ-та жариялау, брошюраларды тарату және т.б.). 2022 жылы 2 түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, 93 адам қамтылды.
Ауылдық округте 2 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді: әкімдікте және ауылдық кітапханада.Мемлекеттік қызметтерді көрсету және алу туралы Әлеуметтік желілерде түсіндіру іс-шаралары, тікелей эфирлер өткізілді.
Бұрыштардағы мамандар "Электрондық үкімет" порталының сервистері, Mgov, telegram-бот @EgovKzBot2.0 мобильдік қосымшалары және онлайн режимде ЭЦҚ ресімдеу арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Біліктілікті арттыру курстарынан 2 мемлекеттік қызметші өтті.
"Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы" бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда болады.