Мемлекеттік қызметтерді «ШҚО Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетеді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ бұйрығына сәйкес ЖАО көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі, ведомстволық бағынысты ұйымдар Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бекітілді.
2022 жылы барлығы 2мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта 2, бұл 100 % - ды құрайды.
Мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан қызмет көрсетілгені:
- 2 қызмет немесе электронды форматта, ақпараттық жүйелер арқылы «Е-лицензиялау» МДБ арқылы – 2.
Ең көп сұранысқа ие - жер пайдалану қызметтері.
Округ әкімдігі электронды үкімет порталының қызметтері арқылы (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу, БАҚ-та жариялау, брошюраларды тарату және т.б.) электронды форматта қызмет алуды насихаттау бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауда. 2022 жылы 1176 адам қамтылған 5 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны мен сапасы тұрақты бақылауда.
Ауылдық округте 2 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы есепті кезеңде 502 ЭЦҚ, наркологиялық, психикалық аурулары және соттылығы жоқ науқастардың электронды тіркелімінен анықтамалар, стационарға тіркелу, тіркеуді растайтын мәліметтер берілді.
Бұрыштардағы консультанттар халыққа «электрондық үкімет» порталының қызметтері арқылы электронды қызметтерді өз бетінше алу және ЭСҚ онлайн тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
4 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде және күнделікті бақылауда.