"Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ қызметі туралы
2022 жылғы есеп
«Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 7 мемлекеттік қызметті жүзеге асырады:
Бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар қатарында-765 адам тұр.
Санаттар бойынша
- «ҰОС мүгедектері мен қатысушылары» - 0 адам,
- «Халықтың әлеуметтік осал топтары» - 223 адам (I және II топтағы мүгедектер 57, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар 17, толық емес отбасылар 103, жасы бойынша зейнеткерлер 35, мүгедектер мен ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар 8, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар 3);
- «Көпбалалы отбасылар» - 60
- «Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар» - 248 адам,
- «Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар» - 225 адам
- «Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары» -9.