|
Сумен қамту және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуге арналған № ______ ШАРТ
202__жылғы «___»____________ Первомайский қенті
«ШЕМОНАИХА СУ АРНАСЫ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлікті Шемонаиха ауданының Әділет басқармасы 2019 жылғы 25 қаңтарда берген, бірегей нөмір 10100308582535) әрі қарай «Жеткізуші» деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін, директордың міндетін атқарушысы А.А. Хмелевцев атынан бір тараптан, және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын,
аз._______________________________________________________
__________________________________________________________ (ТӘА, ЖСН) екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегілер туралы осы келісімді жасады:
1. Шартта пайдаланылған негізгі ұғымдар
1. Шартта төмендегі негізгі ұғымдар пайдаланылады: есептеу құралдарын тексеру -есепке алу құралдарының жай-күйін тексеру, техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау және олардың көрсеткіштерін алу, сондай-ақ су өлшеу торабында пломбалардың болуы мен тұтастығын айқындау мақсатында Өнім берушінің өкілі орындайтын операциялар жиынтығы; есептеу құралы – белгілі уақыт интервалы ішінде физикалық өлшем бірлігін еске түсіретін және сақтайтын нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар және «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен коммерциялық есептеу үшін қолдануға рұқсат берілген, су көлемін өлшеуге арналған техникалық қондырғы; есептеу мерзімі – қызмет үшін Тұтынушыға есеп жүргізілетін айдың бірінші күні сағат 00-00-ден соңғы күні сағат 24-00-ге дейінгі бір күнтізбелік айға тең, уақыт ішінде Шартта анықталған мерзім;пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – Тараптардың келісімімен белгіленетін сумен қамту және (немесе) су бұру жүйелерінің элементтерін пайдалану үшін міндеттерінің (жауапкершілігінің) белгісі бойынша сумен қамту және (немесе) су бұру (су құбырлары және канализациялық желілер және олардағы имараттар) жүйелерінің элементтерін бөлу сызығы. Мұндай келісім болмағанда пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиістілігі бойынша белгіленеді;төлем құжаты – Соның негізінде төлем жүргізілетін Жеткізушінің көрсеткен қызметі үшін ақа төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған құжат (шот, хабарлама, түбіртек, ескерту – шоты); су тұтыну нормасы – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағы 340-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган бекіткен бір адамның, жеке қосалқы шаруашылық жануарларының тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыру үшін немесе нақты елді мекендегі суармалы алқап бірлігіне арналған су мөлшері суды есепке алу торабына жібермеу - тұтынушының шаруашылық жүргізу аумағында орналасқан сумен жабдықтау жүйелерінің барлық элементтерінің көрсеткіштерін алу және жұмысқа қабілеттілігін тексеру , техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін суды есепке алу торабына рұқсат беруден бас тартуы (кедергі келтіруі). тұтынушы – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілердің реттелетін қызметтерін пайдаланушы немесе пайдалануға ниетті жеке тұлға; уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті. Осы Шартта пайдаланылатын басқа түсініктер мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады. 2. Шарт мәні
2. Шарттың талаптарына сәйкес өнім беруші тұтынушыға сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал тұтынушы ұсынылған көрсетілетін қызметтерге осы шартта айқындалған мерзімде және мөлшерде ақы төлеуге міндеттенеді. 3. Көрсетілетін қызметтер сипаттамасы мен берілген су сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға, мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуы тиіс. 4. Тұтынушымен шарт техникалық талаптар орындалған кезде, сумен қамту және (немесе) су бұру желілеріне қосылған, қажетті жабдықтары болған кезде жеке тәртіппен жасалады. 5. Тұтынушы алатын ауыз судың рұқсат етілген көлемі ___________ м3/жыл, Жеткізушінің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетілген көлемдерге сәйкес тұтынушыдан шаруашылық-тұрмыстық және оларға жақын өндірістік ақаба сулардың ластану құрамы бойынша __________ м3 / жыл бөлінетін техникалық су ___________ м3/жыл,. 6. Қызмет көрсету режимі – тәулік бойы. 7. Кондоминимум объектілеріндегі суқұбырлар желілерінің пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып Жеткізушінің суқұбыр желілеріне қосу орынындағы айдау-ажыратқыш соңғы фланеці жеке тұрғын үй салу объектілеріне, ғимараттарына енгізудегі соңғы ысырманың бөлгіш фланеці болып табылады. Кондоминимум объектілеріндегі ақаба суларды шығару жүйесіндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып Жеткізушінің ақаба суларды шығару жүйесіне қосылған жердегі құдық болып табылады.
3. Қызмет көрсету талаптары
8. Төмендегі жағдайларда қызметтерді көрсетуді тоқтату жүргізіледі: 1) апаттық немесе азаматтар қауіпсіздігі мен өміріне қауіп төндіретін жағдайларда; 2) Жеткізушінің желілеріне өз бетімен қосылғанда; 3) келесі есеп беру мерзімінен кейінгі, екі ай ішінде қызметтер үшін төлемдер болмағанда; 4) Өнім берушінің өкілдерін есепке алу құралдарына бірнеше рет жібермеу; 5) құбырөткізгіштерді залалсыздандыруды жүргізу қажеттілігінде; 6) Нормативтік құқықтық актілер мен Тараптар келісімінде қарастырылған басқа да жағдайларда. Аталған тармақтың 3), 4) т. қарастырылған жағдайларда, Тұтынушы қызмет көрсеткенді тоқтатқанға бір ай уақыт қалғанда ескертіледі. 9. Шарттың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда туындаған бұзушылықтарды жойғанда және таратқанда Тұтынушыны қосу жүргізіледі. Шарттың 8-тармағының 3) тармақшасында қарастырылған бұзылушылықтар үшін Тұтынушыға қызмет көрсету тоқтатылған жағдайда, қосу қарызды төлегеннен кейін жүргізіледі. Бірнеше рет өшірілген жағдайда қосу қарызды төлегеннен және қосу үшін төлемді төлегеннен кейін жүргізіледі. 10.Өнім беруші жоспарлы-алдын алу жөндеуін, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды, тұтынушы қосылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне жаңа тұтынушыларды қосу жөніндегі жұмыстарды жүргізген жағдайда, өнім беруші тұтынушыны кемінде үш жұмыс күні бұрын қызметтерді уақытша тоқтата тұру туралы ескертеді. 4. Қызмет құны мен төлеу тәртібі
11. Осы Шарт бойынша ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі. Тарифтерді өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 12. Тұтынушы нақты көрсетілген қызметтер саны үшін ай сайын төлем құжатының негізінде есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде ақы төлеуді жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды.
5. Қызметтерді тұтыну мен босатуды есептеу
13. Босатылған сулардың саны жеке есептеу құралдары көрсеткіштері бойынша анықталады, жеке есептеу құралдары болмаған кезінде – нақты тұратын адамдар санына сәйкес мәліметтерді бөлумен жалпы үйлік есепке алу көрсеткіштері бойынша, ал егер олардың болмаған кезінде – аталған елді мекенге арналған . 100% жеке есептеу құралдары және жалпы үйлік есептеу құралдары бар болған кезінде жалпы үйлік есептеу құралдары және жеке есептеу құралдары жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырма нақты тұратын адамдар санына сәйкес кондоминиум объектісінің меншік иесіне төлемге жатады, ал егер басқа жағдайда – Тараптар келісімі бойынша. 14. Ақаба суларды шығару жүйесіне Тұтынушыдан шығарылған су саны, төмендегілерге тең қабылданады: 1) ыстық сумен қамту жүйесі жабық болып, жергілікті су ысытулар пайдаланылғанда – босатылған суық су санына; 2) ыстық сумен қамту жүйесі ашық болып, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелерінен түскен жағдайда – босатылған суық су санына ыстық сумен қамтудан босатылған ыстық су санын қосады. 15. Ақаба суларды бұру жүйесіне ағызылмайтын су бұру қызметтеріне ақы төлеуді есептеу кезінде есепке алынбайды. Есептелмеген сулар көлемі технологиялық есептеулерге сәйкес анықталады. 16. Тұтынушының есептеу құралынсыз тікелей қосуға уақытша Жеткізуші рұқсатымен жол беріледі. Бұл жағдайда босатылған қызметтердің саны су пайдалану нормалары бойынша есептеу жолымен Жеткізушімен бекітіледі. 17. Тұтынушы кінәсінсіз есептеу уақытша бұзылған қызмет үшін есеп алдыңғы есептеу мерзімінің орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізіледі. Есептеу құралдарын сақтауды қамтамасыз ету Тұтынушыларға жүктеледі. 18. Жеке үйлерде немесе пәтерлерде орнатылған есептеу құралдарын сақтауды қамтамасыз ету Тұтынушыларға жүктеледі. 19. Есептеу құралдарын анықталмаған тұлғалармен бұзылуы немесе ұрлануы болған жағдайда, оларды сақтауға жауапты тұлға, егер Тараптардың келісімінде көрсетілмесе, оны бір ай мерзімде қалпына келтіруге тиісті. Есептеу құралдарын қалпына келтіруге дейін Тұтынушыны Жеткізуші сумен қамту желілеріне қосады. 20. Тұтастығы бұзылған, бастапқы тексеру туралы бедері жоқ, тексеру мерзімі өткен есепке алу құралдарын орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. 21. Тұтынушының суды есепке алу сызбасын бұзу, басқару тораптарындарындағы және есепке алу құралдарындағы пломбаларды жұлу, есепке алу құралдарының көрсеткіштерін бұрмалайтын құрылғылар орнату фактілері анықталғанда Тұтынушыға суды пайдаланғаны үшін қайта есептеулер соңғы тексеру жүргізілгеннен бастап фактілер анықталған күнге дейін, бірақ екі айдан көп емес мерзімге, тәуілігіне 24 сағат бойына оның толық ағуын қолданумен басқару торабына дейін құбыр өткізгіштің толық босату қабілеті есебінен жүргізіледі.
6. «Тұтынушының» құқықтары мен міндеттері
22. Тұтынушының төмендегілерге құқы бар: 1) көрсетілетін қызметтердi белгiленген сапада, оның денсаулығына қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн Шарттың талаптарына сәйкес мөлшерде алуға; 2) қажеттi көлемдегi сарқынды суды рұқсат етiлген жүктемелер шегiнде айдауға; 3) Өнім берушiден көрсетілетін қызметтердi есепке алу құралдарын орнатуды талап етуге; 4) Өнім берушiнiң заңнамаға қайшы келетiн әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн уәкiлеттi орган ведомствосына және (немесе) сот тәртiбiмен шағым жасауға; 5) көрсетілетін қызметтерге арналған тариф жобасын талқылау жөнiнде өткiзiлетiн жария тыңдауларға қатысуға; 6) Өнім берушiден қызметтер көрсетудi тиiсiнше ұсына алмау салдарынан өмiрге, денсаулыққа және (немесе) мүлiкке келтiрiлген залалды толық көлемде өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды өтеудi белгіленген тәртiппен талап етуге; 7) мемлекеттік стандарттарда және өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн көрсетілетін қызметтi ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметтердiң құнын қайта есептеудi талап етуге; 8) егер Өнім берушi белгiленген тәртiппен шот қоймаса, алынған қызметтер үшiн ақы төлеудi жүргiзбеуге; 9) Өнім берушiнi бұл туралы бiр айдан кешiктiрмей жазбаша хабардар еткен кезде ұсынылған қызмет үшін ақы төленген жағдайда, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар. 23. Тұтынушы міндетті: 1) реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алу құралдарының бар болуы, есепке алу құралдарының көрсеткіштерін ай сайын 25-не дейінгі мерзімде Өнім берушіге беру, сондай-ақ көрсетілген төлем құжаттарына сәйкес ұсынылған қызметтерді уақтылы және толық көлемде ақы төлеу; 3) Өнім берушi өкiлдерiн желiлердiң, құралдардың және жабдықтардың техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн бақылау үшiн есепке алу құралдарына жіберуді қамтамасыз етуге; 4) көрсетілетін қызметтердi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтауға; 5) оның қарауындағы немесе қызмет көрсетуiндегi сумен жабдықтау мен су бұрудың пайдаланылатын жүйелерiнiң сақталуын, тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздігін қамтамасыз етуге мiндетті. 24. Жеткізушінің құқығы бар: 1) көрсетілген қызметтер үшін уақытылы және толық көлемде ақы алуға; 2) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тарифтердің қолданылу кезеңінде барлық Тұтынушылар үшін көрсетілген тарифтер үшін тарифтерді төмендетуге; 3) сумен қамту, ақаба суларды бұру жүйелерінің имараттарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және тексеруді, есепке алу құралдарын тексеруді ұйымдастыруға; 6) қызметтерді тұтыну мен төлеуді бақылауды жүзеге асыруға. 25. Жеткізуші міндетті: 1) өзiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздер бойынша тиесiлi және (немесе) өзiнiң пайдалану жауапкершiлiгi шегiнде орналасқан елдi мекендiң сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкес тиiстi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге; және техникалық құжаттар; 2) санитарлық ережелерге (гигиеналық нормативтерге) сәйкес ауыз суды дайындауды және оны Тұтынушыға беруді қамтамасыз етуге; 3) басқа Тұтынушылардың міндеттемелерді орындамау себептері бойынша Тұтынушының қызметті алуына шектеу қоймай, жасалған Шартқа сәйкес Тұтынушыға қызметтердің уақтылы және үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуге; 4) құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспаптарын сатып алу-монтаждау және уәкілетті органның бөлімшесімен келісілген ақы төлеу шартын жасасу шартымен сатып алуға және орнатуға; 5) қызмет көрсетуге байланысты кез келген функцияларды басқа тұлғаларға беруге жол бермеуге; 6) көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен санын есепке алуды және бақылауды жүзеге асыруға, қызметтердi көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға; 7) Тұтынушымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға; 8) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуге; 9) есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың онына дейін Тұтынушыға көрсетілген қызметтерге ақы төлеу үшін төлем құжатын беруге; 10) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде тарифтердің немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы Тұтынушыларды хабардар етуге; 11) 24 сағат ішінде Тұтынушының дәлелді талаптары негізінде көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауға; 12) сумен жабдықтау және су бұру желілерін, есепке алу аспаптарын тексеру кезінде, сондай-ақ Тұтынушының есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу кезінде қызметтік анықтаманы көрсетуге; 13) профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Тұтынушыны көлікпен ауыз сумен қамтамасыз етуге; 14) Тұтынушының желілері мен құрылыстары жарамды күйде болған және (немесе) Өнім берушінің техникалық шарттары сақталған жағдайда Тұтынушы объектілерін сумен жабдықтау және (немесе) кәріз жүйелеріне қосуға рұқсат беруге; 15) үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізуінен Тұтынушының жеке деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге; 16) осы Шартты орындауға байланысты мәселелер бойынша абоненттің шағымдары мен өтініштеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап беруге; 17) Тұтынушының қатысуымен орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға (қосуға) арналған есепке алу аспаптарын, есепке алу аспаптарын, құрылғылар мен құрылыстарды пайдалануға жіберуді жүзеге асыруға; 18) Тұтынушының есепке алу аспаптарын пломбалауға; 19) Тұтынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда сумен жабдықтауды және (немесе) су бұруды уақытша тоқтата тұру немесе шектеу туралы ескертуге; 20) өзiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiндегi авариялар мен зақымдарды уақтылы жою жөнiнде нормативтiк құжаттарда белгiленген тәртiппен және мерзiмде қажеттi шараларды қабылдауға; 21) қызметтер көрсетілетін сумен жабдықтау және су бұру желілеріне жоспарлы профилактикалық жөндеу жүргізудің кестелері мен мерзімдері туралы Тұтынушыларды хабардар етуге; 22) орталықтандырылған кәріз жүйесінің жұмысына теріс әсер етуді болдырмау мақсатында Тұтынушылардың өндірістік сарқынды суларынан сынамаларды іріктеуді және зерттеуді жүзеге асырады.
7. Тараптардың шектеулері 26. Тұтынушыға тыйым салынады: 1) сумен қамту, ақаба суларды шығару жүйелері мен имараттарын және есептеу құралдарын Жеткізушімен келісусіз қайта жабдықтауға; 2) қызметтерді есептеудің қолданыстағы сұлбасын бұзуға; 3) ауыз суды көшелерді, алаңдарды жуу үшін пайдалануға; 27. Қызмет көрсетушіге тыйым салынады: 1) басқа Тұтынушылармен талаптар орындалмаған себептер бойынша көрсетілетін қызметтерден Тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға немесе шектеуге; 2) уәкілетті органның ведомствосы белгілеген мөлшерден асатын, көрсетілген қызметтер үшін ақы алуға; 3) төлем құжаттарын тапсырмай Тұтынушыдан ай сайынғы қызметтер ақысын талап етуге; 28. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын басқа түрде бұзатын әрекеттер жасауға тыйым салынады.
8. Тараптардың жауапкершілігі 29. Жабдықтар мен инженерлік желілерді дұрыс ұстауға жауапкершілік оның меншік иесіне жүктеледі және баланстық тиесілігін бөлу шекарасы бойынша анықталады. 30. Шартта көрсетілген міндеттерді орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда кінәлі тарап заңнамаға сәйкес екінші тарапқа келтірілген шығынды төлейді. 31. Шартқа сәйкес (32-тармақта қарастырылған жағдайларды қоспағанда) Тұтынушы көрсетілген қызметтер үшін төлем мерзімін асырған кезде, негізгі қарыздан аспайтын, төлемеген күннің әрбір күніне, осы сомаларды төлеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша тұрақсыздық төлемін төлейді. Тұрақсыздық төлемінің мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасқанда жүргізіледі. Тұрақсыздық төлемін есептеу мерзімінің басталуы, егер Тараптардың келісуімен басқасы ескертілмесе, есеп беру кезеңінен кейінгі айдың жиырма алтысы күні болып табылады. 32. Егер Жеткізушінің Тұтынушыға қызмет көрсетуі мүмкін болмағанда, ол Жеткізушімен шарттық қарым-қатынаста тұрған, басқа тұлғалар кінәсінен болған жағдайда, Жеткізуші Тұтынушы алдында жауапкершілік алады. 33. Тұрақсыздық төлемін (өсімақы) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттерді орындаудан босатпайды. 34. Құжатпен расталған күрделі материалдық шығынға немесе уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеп соқтырған ауырған немесе жазатайым оқиға кезiнде Тараптардың келiсiмi бойынша Тұтынушыға оның жазбаша өтiнiшi бойынша өсiмпұл есептеу жөнiндегi мерзiм ұзартылуы мүмкiн. .9. Форс-мажорлық жағдайлар 35. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни Адам күші жетпейтін жағдайлар (апаттық бақытсыздық немесе алдын-ала болжанбайтын және алдын-алу мүмкін емес басқа да жағдайлар), сонымен қатар әскери әрекеттер, көтерілістер және шарт талаптарын орындамауға немесе дұрыс орындамауға әкелетін, басқа да жағдайлар болған кезде Тараптар бір-бірінің алдында ешқандай жауапкершілік алмайды. Адам күші жетпейтін жағдайлар болғанда, Жеткізуші ол болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Тұтынушыларға бұл туралы хабарлайды. Адам күші жетпейтін жағдайлар болғанда, мұндай жағдайлар Шарт бойынша Тараптар міндеттерін орындауға кесірін тигізетіндей деңгейлер кезінде, осы мерзімге Шарт бойынша Тараптардың міндеттері тоқтатылуы мүмкін. Адам күші жетпейтін жағдайлар үш немесе одан көп айларға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы бұзылудың мүмкін мерзімінен жиырма күнтізбелік күн бұрын, екінші тарапқа бұл туралы алдын-ала ескерткен жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Тараптар бұл кезде Шарт бойынша барлық өзара есептесулерді отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізуге міндеттеледі.
10. Жалпы ережелер және дауларды шешу 36. Тараптар есепке алу құралдарының техникалық жағдайын тексеру және көрсеткіштер алу үшін тәуліктің кез келген уақытында, бірақ сағат 21-00-ден кешіктірмей, коммерциялық есептеу құралдарына кіруге бір-біріне рұқсат беруге міндеттенеді. Коммерциялық есептеу құралдары бойынша бұзушылықтар болған жағдайда Тараптар белгіленген тәртіппен қол қойылған салыстырып тексеру актісінде тіркеуі тиіс. 37. Өз қарым-қатынастарында Тараптар Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. 38. Қызметтерді көрсету Шарты Тұтынушының белгiленген тәртiппен iс жүзiнде желiлерге бiрiншi қосу сәтiнен бастап күшiне енедi.Егер Тараптардың келісімімен басқасы қарастырылмаса, Шарттың қолданылу мерзімі мерзімсіз болып табылады. 39. Шарт талаптарын бұзу немесе өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған тәртіптер мен негіздер бойынша жүргізіледі. 40. Тараптардың бірі шарт бойынша міндеттерді бұзған немесе орындамаған кезде екінші тарап келтірілген шығындардың орнын толтыру туралы талаптарды көрсетумен Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. 41. Тараптар арасында келісімге қол жетпеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі. 42. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, тараптардың әрқайсына бір данадан. 43. Тараптардың келісімі бойынша шарт Типтік Шарттың нормаларына қайшы келмейтін басқа талаптармен толықтырылуы мүмкін. 44. Тараптар арасындағы шартпен келісілмеген қарым-қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.
11. Тараптардың реквизиттері
Жеткізуші: «ШЕМОНАИХА СУ АРНАСЫ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 071801, ҚР, ШҚО, Шемонаиха қаласы, Вокзальнач к.,5, БСН 190140030913, ЖСК KZ198562203105906755, «Банк Центркредит» АҚ, БСК KCJBKZKX, КБЕ 17, тірк. ҚҚС бойынша 01.02.2019 жылғы сериясы 18001 № 0572175.
М.О. А.А. Хмелевцев /_____________________/ (қолы)
Тұтынушы:
_________________________________________________________
________________________________________________________ (АЖТ, тұрғылықты мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі, берілген күні)______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________ /_______________________/ (қолы)
|