ЖОБА
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы
№ 29/7-VІ «Шемонаиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 1 тармағының 5 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының жиынтық табысына 5% мөлшерінде белгіленеді».
көрсетілген шешімнің қосымшасының 6 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
|
Лауазымы ТАӘ |