Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 - тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
8-тармақ келесі мазмұндағы 6-тармақшамен толықтырылсын:
«6. Ардагерлерге «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның күші таралатын және басқа да адамдарға емделуге жол жүру (екі жаққа) шығының өтеу үшін өтінішпен бірге келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) медициналық мекемесімен берілген жолдама, дәрігермен расталған стационарлық емделуде болған науқастын медициналық картасының көшірмесі;
3) таксиден басқа автомобиль көлікпен, купе вагонынан басқа темір жол көлікпен жол жүру құжаттары.».
|
Лауазымы |
|
ТАӘ |