14 ақпан «Н. Островский атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-де кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста «Қазіргі қоғамның проблемалары - ерте жүктілік» тақырыбындағы жобамен республикалық онлайн-конкурстың жеңімпазы 11 сынып оқушысы Амина Корнева сөз сөйледі.

Сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органының бас маманы Т.Әбдірахманов, Н. Островский атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Грейбер, Шәкәрім атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Сабазова, полиция майоры Л. Отарбаева баяндамаларын жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешім қабылдап, жауапты органдарға тапсырмалар берілді.

 

 

Дата публикации
03 марта 2023