ШЕМОНАИХА АУДАНЫ УСТЬ-ТАЛОВКА ОКРУГІ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

2022 жылғы «26» желтоқсан    

жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілді

 

 

 

 

 

 

 

 

ШЕМОНАИХА АУДАНЫ УСТЬ-ТАЛОВКА ОКРУГІ

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ

2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші:

«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» ММ

 

 

 

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

Бағдарламаның атауы

Шемонаиха ауданы Усть-Таловка округі жергілікті қоғамдастығы дамуының 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламасы

Округтің негізгі сипаттамалары

- Усть-Таловка округі әкімшілік-аумақтық округ ретінде 1997 жылы құрылған;

- округ құрамына төрт елді мекен кіреді – Березовка ауылы, Заречное ауылы, Половинка ауылы және Усть-Таловка кенті;

- округ тұрғындарының саны 5377 адам;

- Усть-таловка кенті округтің орталығы болып табылады;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы 2015 жылы 2 жыл мерзіміне құрылды, 2017 жылы 4 жыл мерзімге қайта сайланды; 2021 жылы 4 жыл мерзімге қайта сайланды.

- жергілікті қоғамдастық жиналысы 16 адамнан тұрады.

 

КІРІСПЕ

 

Усть-Таловка округі Шемонаиха ауданының солтүстігінде орналасқан, әкімшілік-аумақтық округ ретінде 1997 жылы құрылды. Шемонаиха қаласымен, Каменевский және Вавилон ауылдық округтерімен шекаралас. Округ аумағы 5 032 га құрайды. Округ құрамына төрт елді мекен кіреді – Березовка ауылы, Заречное ауылы, Половинка ауылы және Усть-Таловка кенті.

Өз бетімен 7 ЖШС, 2 ШҚ, 249 ЖК жұмыс жасайды.

Усть-Таловка округі жергілікті қоғамдастығы дамудың бағдарламасы экономикалық қызметтің дамуына, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, өткізу нарықтары мен елді мекендерге дейін көліктік қол жетімділікті кеңейтуге, мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді көрсету орталықтарын құру және дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруды көздейді.

 

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

Усть-Таловка кенті 4911 адам халық саны бар округтің әкімшілік орталығы болып табылады. Ол аудан орталығынан 10 км жерде орналасқан.

Кент аумағында өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан, «Востокэнерго» ЖШС, «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік кешені, оған ірі өндірістік нысандары кіреді. Коммуналдық салада бюджеттік саланы және тұрғын қорды қамтамасыз ететін бір кәсіпорын жұмыс істейді.

Округте бірқатар әлеуметтік нысандар бар:

«Шығыс Қазақстан білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім беру бөілімінің «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектепбі» КММ, «Шығыс Қазақстан білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім беру бөілімінің «Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚК, «Усть-Таловка кентінің ауылдық дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК, Березовка ауылының медпункті, «Уба» шипажайы» КММ 3-корпусы, «Шығыс Қазақстан білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім беру бөілімінің «Сәби Әлемі» балабақша-бөбекжайы» КМҚК, «Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Горняк» клубы» КМҚК және «Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Жұлдыз» спорт клубы» КММ. Тұрғын үй қорына 24 көп қабатты үйлер және 834 жеке меншік үйлер кіреді.

 

  1. Экономика және ауыл шаруашылығы

 

Кен байыту өнеркәсібі округ экономикасының базалық саласы болып табылады. Округ аумағында келесі өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан: «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік кешені, оған келесі ірі өндірістік нысандары кіреді, кенді өңдеумен айналысатын Николаев кен байыту фабрикасы, концентрат өнімін шығару: мыс, мырыш, қорғасын.

Николаевский карьері шегінде орналасқан Северо-Николаевский кен орнын әзірлеу жоспарлануда. Геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Аталмыш кен орны «Қазақмыс» Корпорациясымен 6-7 жыл барысында жер асты тәсілімен өңделеді.

Округ аумағында 2 шаруа қожалығы бар: «Абекова Б.Н.» ШҚ Заречное ауылында, «Шенгальц О.В.» ШҚ Березовка ауылында. ШҚ негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы. Округ жер шаруашылығын дамытудағы бастысы дақылды өндіру болып табылады.

Округтің экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 3 306 адамды құрайды, оның ішінде өз бетімен жұмыспен қамтылғандар – 322 адам, жұмыссыздар – 12 адам. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатындар – 7 адам.

Округ аумағында шағын бизнес субъектісінен: 42 дүкен, 25 тұрмыстық қызмет көрсету нысаны, 2 қоғамдық тамақтану нысаны, 1 базар, 1 жабық базар, 4 дәріхана, 3 шаштараз және 1 сән салоны мен 1 сән студиясы.

ШОБ дамуға әлеуеті бар, әсіресе қызмет көрсету саласы.

Жалпы шағын бизнес округ тұрғындарының базалық қажеттіліктерін жабады.

Аудан орталығынан көліктік қол жетімділік округ экономикасын дамыту үшін басымдық болып табылады.

Округтің экономикалық дамуын шектейтін негізгі факторлар мыналар:

  1. Халықтың кетуі клиенттік және кадрлық базаны төмендетеді, бұл ШОБ дамытуға қауіп төндіреді.
  2. Ауылдық жерлерде банк институттарымен кепілдің (немесе кепілге алудан бас тарту) төмен бағалауы салдарынан кредиттеумен қиындықтар.
  3. Бизнесті дамытуды ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктерді құру қажет.

 

Округ экономикасының дамытудың келешектері:

  1. Шағын және орта бизнес, әсіресе қызмет көрсету мен өнідіріс саласында.
  2. Коммуналдық қызметтерді көрсету саласын кеңейту.

 

  1. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер

 

  • Білім беру.

Округ аумағында мыналар қызмет жасайды:

280 орынды «Сәби Әлемі» балабақша-бөбекжайы» КМҚК.

Балабақшада 2018 жылы шатыр жөнделді. 2020 жылы терезелерді ауыстыру жүргізілді. Сонымен қатар, ғимарат ішінде косметикалық жөндеу жүргізілді. 12 дана санында бактерицидті шамдар сатып алынды. 2021 жылы қол жууға арналған раковиналар, аяқ ванналары, араластырғыштар ауыстырылды.

«Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚК, шұғылданатын балалар саны 334, мұғалімдер саны 19.

«И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, 635 оқушы. 1 компьютерлік сынып, 2 мультимедиялық кабинет бар, 4 кабинетте интерактивті тақта бар, интернет жұмыс жасайды. Оқушыларға медициналық көмек көрсету үшін медициналық кабинет бар. Округтың 3 ауылынан мектепке балаларды тасымалдау жүзеге асырылады: Заречное, Половинка, Березовка. Мектеп түлектері – 11, оның ішінде жоғары оқу орындарына түскендер – 9 адам, колледждерге 2 түлек түсті. 2017 жылы шатырдың жөндеуі жүргізілді, 2018 жылы терезелерді ауыстыру жүргізілді, 2020 жылы «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ғимаратының қасбетіне ағымдағы жөндеу жүргізілді (ғимаратты сайдингпен қаптау), 2022 жылы асхана, спор залы, кіреберіс тобының үстіндегі шатыр жөнделді. Тұрғындардың кетуі проблемасына байланысты мектептердің балалар саны жыл сайын қысқаруда. Жалпы білім беретін мектепке сонымен қатар жылыту жүйесін жөндеу қажет.

  • Денсаулық сақтау

Округта келесі медициналық мекемелер бар: «Уба» шипажайы» КММ 3-корпусы, Березовка ауылындағы медициналық пункт, «Усть-Таловка кентінің ауылдық дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК. Санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету – 1 машина, барлық медперсоналдың саны – 32 адам, оның ішінде 7 дәрігер, 25 адам орташа медперсонал. «Усть-Таловка кентінің ауылдық дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК медициналық құжаттаманы компьютерлік жүргізуге ауысты. «Денсаулық» денсаулықты сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілді, олар: қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті.

 

  • Мәдениет және спорт

Лекциялар, концерттер, жаппай ойын-сауықтар секілді өткізу нысандарын пайдаланумен мемлекеттік және ұлттық мейрамдарға арналған іс-шараларды өткізетін Усть-Таловка кентінде 280 орынды «Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Горняк» клубы» КМҚК бар, концерттік бағдарламалар жариялануда. 2019 жылы линолеум, 280 орынға көрермендер залына театр креслоларын, жылыту жүйесінің радиаторларын ауыстыру жүргізілді, 2022 жылы ғимарат қасбетін ағымдағы жөндеу (ғимаратты сайдингпен қаптау) және шатырды жөндеу жүргізілді.

Тәулігіне 580 адам өткізу мүмкіндігімен, жатықтырушылар саны 9 адам «Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Жұлдыз» спорт клубы» КММ бар. Хоккей, футбол, шаңғы, күрес, дзюдо, баскетбол (ерлер/әйелдер), волейбол (ерлер/әйелдер) спорт түрлерінен тегін негізде секциялар өткізіледі. Аудандық спорттық жарыстарда және көркем өнерпаздар байқауларында дәстүрлі жүлделі орындарға ие болады.

 

  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтерді көрсету, олардың сапасын арттыру, қол жетімділікті қамтамасыз ету мемлекеттік органдар қызметінің басты бағыты болып табылады. «Электронды үкімет» порталы арқылы пайдаланушылардың үлесін арттыру үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы құрылды, онда электронды қызметтерді өз бетімен алу және ЭЦҚ алуға өтінімдерді ресімдеу үшін кеңестер жүргізіледі.

 

  1. Инженерлік инфрақұрылым

 

Су құбыры, кәріз, жылумен, электрмен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетумен және пайдаланумен «Востокэнерго» ЖШС Усть-Таловка энергоцехы айналысады. Көп қабатты тұрғын үй қорына қызмет жасаумен «Уба Сервис» ЖШС филиалы айналысады. Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз ету 87% құрайды, қалған тұрғындар жеке құдықтардың суын пайдаланады. Березовка ауылының тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету қажет. Округ аумағы толығымен электр жабдықтаумен қамтамасыз етілген. Округ көшелері жарықтандырылған, бірақ техникалық құжаттамасы жоқ. Половинка ауылының электрбері желілеріне күрделі жөндеу жүргізу қажет.

Телефон байланысын ұсыну бойынша қызметтерді «Қазақтелеком» АҚ ұсынады. Beeline, Aktiv, Tele-2 ұялы байланыстары бар. 2022 жылы ұялы байланыс пен интернетті жақсарту үшін Усть-Таловка кентінде Beeline вышкасы орнатылды.

«Қазпошта» АҚ филиалының пошта бөлімшесі бар, ол халыққа қызмет көрсетеді.

Аудан орталығымен көлік байланысы жеке автотасымалдаушылардың маршрутты қозғалысымен жүзеге асырылады. Округта барлығы 30 көше, автомобиль жолдарының 99% қатты жабумен қамтамасыз етілген, ауылдық округ автожолдары жол төсемінің 79% дейінгі тозуы бар жағдайда. 2020 жылы Усть-Таловка кентінің 4 көшесіне және бір тұйық көшесіне орташа жөндеу жүргізілді. 2022 жылы Половинка ауылының Достық көшесін орташа жөндеу жүргізілді, Усть-Таловка кентінде Путейская және Комаров көшелерін себу және грейдерлеу жүргізілді. Усть-Таловка кентінде Гребенщиков көшесінің су құбыры жөнделді.

Абаттандыру жағдайы тұрудың заманауи жағдайларына сәйкес. Округты абаттандыру бойынша жұмыстар негізінен санитарлық тазартуды жүргізумен шектеледі, мамандандырылған машинада қоқысты шығару ұйымдастырылған, сенбіліктер өткізіледі. Округте демалыс орындары, балалар мен ересек тұрғындардың бос уақытын өткізетін жерлер бар: Усть-Таловка кентінің көп қабатты үйлердің аулаларында 4 балалар алаңы, Березовка селосында 1 балалар алаңы бар, «Тополек» демалыс аймағы, «Тау-кенші даңқы» аллеясы, ҰОС қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш. 2022 жылы Усть-Таловка кентінде Воркаут алаңы орнатылды. Жаяужүргіншілердің қозғалысы жаяужолдары бар Школьный және Советский көшелерін қоспағанда, жолдардың жиегі бойынша жүргізіледі.

Құрылыс салудың бас жоспарының жоқтығы округтің аумақтық дамуының маңызды проблемасы болып табылады.

 

  1. Құқытық тәртіп және қауіпсіздік

 

Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды учаскелік инспектор жүзеге асырады. Учаскелік полиция пункті Усть-Таловка кентінде орналасқан. 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2022 жылы қылмыстар санының 32% төмендеуі байқалады. Құқықбұзушылықтың барлық түрлерін анықтау және жою, сонымен қатар қоғамдық тәртіптің алдын алу, сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Негізгі күш жедел жағдайдың тұрақтылығына бағытталған. Құқықбұзушылықтардың алдын алу және ескерту, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында учаскелік инспектор полицияның қоғамдық көмекшілерімен («Сарбазы» қоғамдық құрылым, 2 адам) бірлесіп, келесі жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді: «Құқықтық тәртіп», «Подучетник», «Қауіпсіз жол». 2022 жылдың басынан 117 жеке тәрбиелік алдын алу әңгімелер өткізілді.

Округ аумағында Половинка ауылында «Учреждение ОВ 156/6» РММ бар (бас бостандығынан айыру мекемесі).

 

  1. Экология және жер ресурстары

 

Қоғамның тіршілік етуі үшін тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, молықтыру табиғи кешен әлеуетін сақтау және қоршаған орта сапасын жақсарту маңызды стратегиялық міндет болып табылады. Округтің экологиялық жағдайы тұрақты. Округтің елді мекендерінде сенбіліктер өткізіледі. Ауаның ластануын төмендету үшін жыл сайын көшеттер отырғызылады. Қоқысты Шемонаиха қаласының ҚТҚ полигонына мамандандырылған машинамен жинау және шығару бойынша жұмыс ұйымдастырылған. Округте ҚТҚ полигонының жоқтығы негізгі проблема болып табылады. ҚТҚ полигонына жер телімін ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

 

ШЕМОНАИХА АУДАНЫ УСТЬ-ТАЛОВКА ОКРУГІ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ

2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Іс-шаралар атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі

(мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Жүзеге асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

1.        Білім беру

31.1

«И.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ есік блоктарын ағымдағы жөндеу

Білім беру мекемесінің жұмысы үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

4 500,745

ЖБ

2023

31.2

«И.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ терезелерін ағымдағы жөндеу

Білім беру мекемесінің жұмысы үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

5 000,0

ЖБ

2023

31.3

«И.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ асханасын және спорт залын ағымдағы жөндеу

Білім беру мекемесінің жұмысы үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

8 000,0

ЖБ

2023

31.4

«И.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ жылыту жүйесін ауыстыру

Білім беру мекемесінің жұмысы үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

12 000,0

ЖБ

2023

31.5

«И.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ мектеп автобусына арналған гаражды ағымдағы жөндеу

Білім беру мекемесінің жұмысы үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

10 000,0

ЖБ

2023

31.6

«Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Сәби әлемі» балабақша-бөбекжайы» КМҚК үшін төсектерді ауыстыру

Балалардың дене дамуы үшін қолайлы жағдайларды жасау

10 000,0

ЖБ

2023

11.7

«Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Сәби әлемі» балабақша-бөбекжайы» КМҚК үшін көше жабдықтарын (ойын модулдерін) жөндеу

Балалардың дене дамуы үшін қолайлы жағдайларды жасау

30 000,0

ЖБ

2023

11.8

«Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Сәби әлемі» балабақша-бөбекжайы» КМҚК үшін жылыту жүйесін ауыстыру

Балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне оңтайлы жағдайларды жасау

22 000,0

ЖБ

2023

2.            Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

22.1

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бағаларды тұрақтандыру және мерекелік іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру және көмек көрсету мәселесі бойынша жеке кәсіпкерлермен меморандумдар жасасу

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сататын жеке кәсіпкерлермен меморандумдар жасасу, 12 дана және 12 дана мерекелік іс-шараларды өткізуге көмек көрсету

 

 

жыл сайын

3.     ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

3.1

Жол белгілерін сатып алу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

2 100,0

ЖБ

2023

3.2

Көше жарығына техникалық құжаттаманы әзірлеу

Усть-Таловка к., Половинка а. электржелілерінің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету

12 300,0

ОБ

2023

3.3.

Усть-Таловка кенті Астафьев көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

45 900,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.4.

Усть-Таловка кенті Гребенщиков көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

29 700,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.5.

Усть-Таловка кенті Музыкальный тұйық көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

16 200,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.6.

Усть-Таловка кенті Степная көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

27 000,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.7.

Усть-Таловка кенті Комаров көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

13 500,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.8.

Усть-Таловка кенті Гагарин көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

3 000,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.9.

Усть-Таловка кенті Школьная көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

8 100,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.10.

Усть-Таловка кенті Вокзальная көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

2 700,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.11.

Усть-Таловка кенті Полевая көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

21 600,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.12.

Усть-Таловка кенті Первомайская көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұрмысты қамтамасыз ету

16 200,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.13

3 дана санында балалар ойын алаңдарын орнату

Округтің тұрақты дамуы үшін, халық өмірінің дамуы мен жақсаруы үшін жағдайлар жасау мақсатында

40 000,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.14.

Усть-Таловка кентінде көше жарығын жайластыру

Кенттің тұрақты дамуы үшін, халық өмірінің дамуы мен жақсаруы үшін жағдайлар жасау мақсатында

33 840,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.15.

Половинка ауылының көше жарығын қалпына келтіру (Половинка а. кіреберіс)

Ауылдың тұрақты дамуы үшін, халық өмірінің дамуы мен жақсаруы үшін жағдайлар жасау мақсатында

4 400,0

ЖБ

2023

3.16.

Березовка ауылының көше жарығын қалпына келтіру (Березовка а. кіреберіс)

Ауылдың тұрақты дамуы үшін, халық өмірінің дамуы мен жақсаруы үшін жағдайлар жасау мақсатында

2 800,0

ЖБ

2023

3.17.

Березовка ауылының су құбыры желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу

Ауылдың тұрақты дамуы үшін, халық өмірінің дамуы мен жақсаруы үшін жағдайлар жасау мақсатында

12 000,0

ЖБ

2023

3.18.

Березовка ауылында су құбыры желілерінің құрылысы

Ауылдың тұрақты дамуы үшін, халық өмірінің дамуы мен жақсаруы үшін жағдайлар жасау мақсатында

900 000,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023

3.19.

Қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін жер теліміне құжаттаманы ресімдеу

Құжаттаманы әзірлеу

2 500,0

ЖБ

2023

3.20.

Қатты-тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға полигонның құрылысына ЖСҚ әзірлеу

Ауылдың тұрақты дамуы үшін

18 000,0

ЖБ

2023

3.21.

Половинка ауылының электрді беру желілерін күрделі жөндеуге   ЖСҚ әзірлеу

Ауылдың тұрақты дамуы үшін

15 000,0

ЖБ

2023

3.22.

Нысандарды паспорттау: Усть-Таловка к. жолдарын, саяжолдарын, сумен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, жазғы суаруды, электр беру желілерді

Усть-Таловка к. аумағында орналасқан нысандарға техникалық құжаттаманы әзірлеу

20 000,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2023-2024

3.23.

Усть-Таловка кентінің аула аумақтарын ағымдағы жөндеу

Кенттің тұрақты дамуы үшін, халық өмірінің дамуы мен жақсаруы үшін жағдайлар жасау мақсатында

76 000,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2024

3.24.

Усть-Таловка кенті Вокзальная көшесі бойынша тротуарларды орнатуды жүргізу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұруды қамтамасыз ету

32 000,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2024

3.25.

Усть-Таловка кенті Путейская көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұруды қамтамасыз ету

 

38 000,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2024

3.26.

Березовка ауылы Титов көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұруды қамтамасыз ету

 

57 000,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2024

3.27.

Березовка ауылы Южная көшесінің жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұруды қамтамасыз ету

 

29 000,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2024

3.28.

Березовка ауылы Титов көшесінен Шемонаиха қ.-Усть-Таловка к. трассасына дейін жол жабуын орташа жөндеу

Апатты жағдайларды болдырмау және қолайлы тұруды қамтамасыз ету

25 500,0

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ОБ

2024

4.            Мәдениет

14.1.

«Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Горняк» клубы» КМҚК светодиодты экраны

Өткізілетін іс-шаралардың сапасын арттыру үшін

12 000,0

ЖБ

2023

44.2.

«Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Горняк» клубы» КМҚК аумағын жайластыру бойынша ағымдағы жөндеу (асфальтті төсеу, бордюр, ғимаратқа басты кіреберіс)

Елді мекеннің эстетикалық түрін жақсарту

11 300,0

ЖБ

2023

44.3.

«Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Горняк» клубы» КМҚК төсенішін ағымдағы жөндеу, ғимарат кіреберісінің үстінен шатырдың су ағатын жүйені орнату

Жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар жасау

8 600,0

ЖБ

2023

44.4.

«Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Горняк» клубы» КМҚК ғимаратының ішіне ағымдағы жөндеу (2-қабат, әжетханалар, кабинеттер, дәліз, көрермендер залы)

Жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар жасау

29 400,0

ЖБ

2023

44.5.

«Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Горняк» клубы» КМҚК ғимаратында электр сымы мен шам жабдықтарын ауыстыру

Апатты жағдайларды болдырмау

9 400,0

ЖБ

2023

44.6.

Хорға костюмдерді сатып алу

Жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар жасау

3 000,0

ЖБ

2023

14.7.

Музыка жабдықтарын сатып алу

Жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар жасау

5 000,0

ЖБ

2023

5. Спорт

5.1

«Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»  ММ «Жұлдыз» спорт клубы» КММ үшін компьютерлік жабдықтарды сатып алу

Қызметкерлердің еңбек жағдайларын жасау

1000,0

Бюджет

2023

5.2

«Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»  ММ «Жұлдыз» спорт клубы» КММ үшін жиынтықта шаңғылар сатып алу

Кент халқының дене бітімін дамыту және спорттық жарыстарды өткізу және оған қатысу үшін

 

1 500,0

Бюджет

2023

5.3

«Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»  ММ «Жұлдыз» спорт клубы» КММ аумағында Газель қызметтік автокөлігі үшін гараж салу

Жұмыс жасау үшін оңтайлы жағдайлар жасау

30 000,0

Бюджет

2023

5.4

«Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»  ММ «Жұлдыз» спорт клубы» КММ көп қызметті хоккей қорабына жасанды газон сатып алу

Спорттық секцияларда айналысатындарға қолайлы жағдайлар жасау

10 000,0

Бюджет

2023

5.5

«Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»  ММ «Жұлдыз» спорт клубы» КММ аумағы қоршауын ауыстыру

Елді мекеннің эстетикалық бейнесін жақсарту

34 000,0

Бюджет

2023

5.6

Жүгіру жолын ағымдағы жөндеу

Спорттық секцияларда айналысатындарға қолайлы жағдайлар жасау

6 500,0

Бюджет

2023

5.7

«Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»  ММ «Жұлдыз» спорт клубы» КММ ғимаратының солтүстік қанатының желдеткіш жүйесін жөндеу

Спорттық секцияларда айналысатындарға қолайлы жағдайлар жасау

2000,0

Бюджет

2023

5.8

Трибунаны ағымдағы жөндеу, трибуна үстіне күнқағарды орнату

Спорттық секцияларда айналысатындарға қолайлы жағдайлар жасау

9 000,0

Бюджет

2023

5.9

Пандустарды әзірлеу және орнату – 2 дана

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімділік үшін

7 000,0

Бюджет

2023

6. Басқа

6.1

«ШҚО Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» ММ ғимаратын ағымдағы жөндеу

Жұмыс үшін оңтайлы жағдайлар жасау

4 000,0

Бюджет

2023

Дата публикации
10 февраля 2023