«Шемонаиха ауданының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
АҚПАРАТ
1.Өнеркәсіп
Ауданда 2022 жылы өнеркәсіп өнімісомасы 116,7 млрд.теңгеге өндірілген, өткен жылғы деңгейге 126,0%. Нақты көлем индексі 102,4%.
Тау-кен өнеркәсібі саласында сомасы 77,5 млрд.теңгеге өнім өндірілген, өткен жылдың деңгейіне123,1%. Нақты көлем индексі97,3%. НКИқол жеткізбеудің себебі-өндірілген кендегі мыс құрамының азаюы.1 195,1 мың тонна кен өндірілді, өткен жыл деңгейіне100,3%, мыс концентраттары 79,4 мың тонна (87,5%), қорғасын концентраттары 2,9 мың тонна (107,4%), мырыш концентраттары 48,3 мың тонна (110,0%) өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 36,6 млрд. теңгені құрады, 2021 жыл деңгейіне 134,8 %. Сала бойынша ТКИ – 113,5 %. Өндіріс көлемі ұлғайтылды:күнбағыс майы, ет және сүт өнімдері, ұн, нан және кондитерлік өнімдер, тоқыма өнімдері, жиһаз, малға арналған жем. Тауарлық бетон, дайын металл бұйымдары, машина және құрал-жабдықтарды жөндеу және орнату.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімікөлемінің нақты көлем индексі 102,1%,60,3 млрд.теңгеге өнім өндірілген.
Мал шаруашылығыжалпы өнімінің көлемі15,3 млрд.теңге, өткен жыл деңгейіне 122,4%. Нақты көлем индексі-104,3%.
Мал басы: ІҚМ – 25035 бас (100,8%), оның ішінде сиыр 10 024 бас (100,1%), қой және ешкі – 13393 бас (104,6%),шошқалар – 11 325 бас (99,7%), жылқылар – 3 286 бас (102,7%),құстар – 76 328 бас (102,7%).
Тірі салмақтағы ет 5,0 мың тонна (103,5%), сүт – 49,3 мың тонна (105,6%), жұмыртқа – 9 477 мың дана (103,3%) өндірілді.
Сүт өндірумен 12 сүт-тауар фермасы айналысады, сиыр басы 6,0 мың бас. 5 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді. «Рулиха» ЖШС жыл бойы қорада ұсталатын голштейн-фриз тұқымының аналық табынының 600 басынан 1080 басына дейін МТФ кеңейту бойынша жұмысты аяқтауда. 480 бас асыл тұқымды мал 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында әкелінетін болады.
Етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында қазақтың ақбас тұқымды 77 бас ірі қара мал сатып алынды.
Өсімдік шаруашылығыжалпы өнімінің көлемі 44,9 млрд.теңге, (өсім 106,4%), НКИ-101,4%.
Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдарды жалпы жинау 165,6 мың тоннаны құрады, орташа өнімділік 21,6 ц/га (2021 жыл- 24,1 ц/га), майлы дақылдар – 100 мың тонна, орташа өнімділік 20,7 ц/га (2021 жыл- 20,1 ц/га).
2023 жылғы егінге 5 140 га күздік ауыл шаруашылық дақылдары егілді, оның ішінде: 1 140 га - қара бидай, 4000 га - бидай. 83,0 мың га жуық сүдігер жыртылды, 15,7 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы себілді.
2022 жылдың басынанауданның ауыл шаруашылық құрылымдары сомасы 6,0 млрд.теңгеге 212 бірлік жаңа ауыл шаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтарын сатып алынды.
Ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде аудан шаруашылықтары бағдарламалар бойынша жеңілдікті кредиттер алды:
1.«Агробизнес» - ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға («Иртыш-ТАНур плюс» ЖШС, «Шад» ШҚ, «Рулиха» ЖШС, «Рауш А.А» ШФҚ) 442,6 млн. теңге алынды;
2.«Кең дала» -айналым қаражатын толықтыру тұқым, минералды тыңайтқыштар және қосалқы бөлшектер сатып алу («Рулиха» ЖШС, «Ново – Ильинское» ЖШС, «Шад» ШҚ)-152,0 млн.теңге.
3.Шағын бизнес
2023 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектілері саны 2 298 бірлікті құрады (өткен жылғы деңгейге 108,2%). Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлеміндегі үлесі 94,4% құрады.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында2022 жылы майлар мен майлар өндіру жөніндегі қызметті кеңейтуге, денсаулық сақтау саласындағы көлемді ұлғайтуға және жылжымайтын мүлікті жалға беругежалпы сомасы 118,2 млн.теңгеге 2 жоба қаржыландырылды.
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында бірінші бағыт бойынша:
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жалпы сомасы 778,1 млн.теңгеге 41 жоба мақұлданды (2021 жылы 221,544 млн.теңгеге 6 жоба).
- кредиттерге кепілдік беру бойынша 41 жоба мақұлданды, кредит сомасы 797,1 млн.теңге, кепілдік сомасы 481,9 млн. теңгені құрады (2021 жылы жалпы сомасы 228,75 млн. теңгеге 12 жоба, кепілдік сомасы 131,437 млн. теңге).
Бөлшек тауар айналымының көлемі 15,3 млрд.теңгеніқұрады, 2021 жылдың деңгейіне 117,8%. Нақты көлем индексі - 101,8%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 38,2 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 111,3%, нақты көлем индексі 105,2%.
Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 23,4 млрд. теңге, өткен жыл деңгейіне 113,0%, нақты көлем индексі 109,3%.
Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға беру жалпы алаңы 10 169 шаршы метрді құрады(151,7%).
Жеке кірістер бойынша аудан бюджеті (3 деңгей) 2022 жылы 108,7% орындалды, жоспар бойынша 3 298,4 млн.теңге, нақты түскені 3 586,3 млн.теңге, өткен жыл деңгейіне 127,3%. Бюджеттің 4 деңгейінің орындалуы 117,3% құрады, жоспар бойынша 303,4млн.теңге, нақты түскені356,0 млн.теңге.
2023 жылдың 1 қаңтарына бағдарлама әкімшілерімен бюджет қаражатын игеру-98,3% жоспар бойынша 4 387,3 млн.теңге, 4 312,1 млн. теңге игерілді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоттарындағы қалдық 1,9 млн. теңгені құрады. Қалдықтардың негізгі себептері: дөңгелектеу есебінен-0,4 млн. теңге, жылжымайтын мүлік құнын бағалау бойынша үнемдеу – 0,1 млн.теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу – 0,4 млн.теңге, мемлекеттік сатып алуды ұзақ жүргізу-1,1 млн.теңге, Бизнес «Еңбек» порталын жабу – 73,3 млн.теңге.
6.Халықты жұмыспен қамту
Орташа айлық еңбекақы 262971 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне 130,3%. Нақты еңбекақы индексі 114,5 %.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 272 адамды құрады, ол 2021 жылғы деңгейден 2,1 есе жоғары (2021 жыл 128 адам). Талданып отырған кезеңде 554 тұрақты жұмыс орны құрылды (2021 жыл – 513). 926 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту қызметіне жүгінендер санынан аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 75,3% құрады (2021 жыл – 98,4%).
Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 313 адам тартылды, жастар тәжірибесіне 23 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 45 адам жолданды.
2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек54,8 млн.теңге сомасына 181өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді (667 адам), 4,0 млн. теңге сомасына 210 алушыға тұрғын үй көмегі төленді.
Жаппай кәсіпкерліктің ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мал шаруашылығын, ара шаруашылығын, тігін ісін, фитнес орталығын дамыту, кондитерлік бұйымдар мен еттен жартылай фабрикаттар дайындау, мектепке дейінгі білім беру және денсаулық сақтау (оңалту және иппотерапия), токарлық, шаштараз қызметтері және тырнақ сервисі, SMM саласындақызметтер көрсету, металдан бұйымдар жасауүшін 56,4 млн. теңге сомасына 46 грант берілді.
7.Білім беру
Ауданда 5 190 оқушысы бар жалпы білім беретін 23 мемлекеттік және 1 жеке меншік жалпы білім беретін мектеп, 750 баланы қамтитын 2 қосымша білім беру мекемелері, 1390 баланы қамтитын 12 балабақша, 12 шағын орталықтар жұмыс істейді.
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 2-ден 6 жасқа дейін – 93,7%. МДББҰ 0 жастан 3 жасқа дейін 334 бала кезекте тұр.
2022 жылғы 11 айда ауданда 381 адам туылды, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 440 (59 адамға аз), 600 адам қайтыс болды, 734-ке қарсы (134 адамға аз). 2022 жылы нәрсете өлімінің 5 жағдайы тіркелді, 1000 тірі туылғанға көрсеткіш 12,4. Ана өлімі тіркелген жоқ.
Аурушаңдық көрсеткіштері облыс бойынша ең жоғары болып қала береді:
- туберкулезбен-100 мың тұрғынға 66,9 немесе 28 жағдай (2021 жылы – 27 жағдай, 100 мың тұрғынға 64,5 жағдай), туберкулезден 2 өлім тіркелді, 100 мың тұрғынға 4,8 көрсеткіш (2021 жылы-1 жағдай).
- қатерлі ісіктермен 185 жағдай немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 446,6 (2021 жылы – 171 жағдай), қатерлі ісіктерден 63 өлім – жітім немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 169,6 (2021 жылы-60 жағдай) тіркелді.
2022 жылы аудан аумағында 322 қылмыс тіркелді,2021 жылдан 8,5%төмен (2021 жыл-352). Қылмыстың жалпы ашылуы 74,4% (2021 жылы – 79,1%).
24 ЖКО болды, онда 35 адам зардап шекті, 8 адам қайтыс болды (2021 жылы - 17 ЖКО, 20 зардап шегуші, 10 қайтыс болған).
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 11 ЖЖБ («жатқан полицейлер») орнатылды, 5 «ТАҚҚорғау» жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыру жүргізілді.
жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова