Шемонаиха ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төрағасы ойын алаңдарының, батуттардың және жазғы лагерьлердің қауіпсіздік техникаларын сақтау бойынша мониторинг жүргізу үшін жұмыс тобын құрды.
Жұмыс тобының құрамына Шемонаиха аудан әкімінің орынбасары, азаматтық қорғау жөніндегі бас инспектор, білім беру бөлімінің басшысы, ювеналды полиция инспекторы, Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы кірді.
Мониторинг барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық, сондай-ақ балалар алаңдары мен ойын-сауық құрылғылары жабдықтарының жарамдылығы мен қауіпсіздігі тұрғысынан тексеру жүргізілді.