Шемонаиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын, төраға орынбасарын және хатшысын сайлау туралы

Шемонаиха аудандық

 аумақтық сайлау комиссиясы отырысының

 № 17  ХАТТАМАСЫ

 

 

 Шемонаиха қ.

     2022 жылғы 28 желтоқсан

 

 

Қатысқандар:   Миненко С.Ю., Косинов Р.Д., Ушакова О.Г.,  Аяганова М.Н., Руспаев Р.С., Масабаева М.С., Таранова Е.В.

 

Күн тәртібі:

 

Шемонаиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын, төраға орынбасарын және хатшысын сайлау туралы

 

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабы, 19-бабы 3-т. негізінде С.Ю.Миненконың қызметтік қажеттілігіне байланысты 2022 жылғы 27 желтоқсандағы аудандық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттігін өзінен алып тастау туралы жеке өтінішін қарап, комиссия төрағасын сайлау талап етіледі.

 Комиссия хатшысы О.Г. Ушакова С.Ю. Миненконың жеке өтінішін оқып, комиссия төрағасы  лауазымына кәсіби тұрақты негізде төрағаның орынбасары болып жұмыс істейтін Рустам Дүйсенұлы Косиновтың  кандидатурасын  ұсынды. Басқа ұсыныстар түскен жоқ.

 Мәселе  дауыс беруге қойылды.

 

Дауыс берді: - 6 комиссия мүшесі;

Қарсы - жоқ;

қалыс қалғандар - Косинов Р. Д.

 

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабы, 19-бабы 3-т. негізінде Р.Д. Косиновтың аудандық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне сайлануына және комиссия төрағасының орынбасары қызметінен босатылуына байланысты комиссия төрағасының орынбасарын сайлау талап етіледі.

Комиссия мүшесі Р.С.Руспаев комиссия төрағасының орынбасары лауазымына бұрын комиссия хатшысы қызметін атқарған Ольга Геннадьевна Ушакованың кандидатурасын ұсынды. Басқа ұсыныстар түскен жоқ.

Мәселе  дауыс беруге қойылды.

 

Дауыс берді: - 6 комиссия мүшесі;

Қарсы - жоқ;

қалыс қалғандар - Ушакова О.Г.

 

 

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабы, 19-бабы 3-т. негізінде                   О.Г. Ушакованың аудандық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары қызметіне сайлануына және комиссия хатшысы қызметінен босатылуына байланысты комиссия хатшысын сайлау талап етіледі.

Комиссия мүшесі М.Н.Аяганова комиссия хатшысы лауазымына 2022 жылғы 27 желтоқсанда аудандық мәслихат сессиясында аудандық сайлау комиссиясының құрамына енгізілген Мейрамгул Сейткамзановна Масабаеваның кандидатурасын ұсынды. Басқа ұсыныстар түскен жоқ.

Мәселе  дауыс беруге қойылды.

 

Дауыс берді: - 6 комиссия мүшесі;

Қарсы - жоқ;

қалыс қалғандар – Масабаева М.С.

 

Өткізілген дауыс беру негізінде Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Сайлау комиссиясының төрағасы болып Рустам Дүйсенұлы Косинов сайлансын.

  1. Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып Ольга Геннадьевна Ушакова сайлансын.
  2. Сайлау комиссиясы хатшысы болып Мейрамгул Сейткамзановна Масабаева сайлансын.
  3. Хаттаманың көшірмесі жоғары тұрған облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  4. Осы шешім аудан әкімінің ресми сайтында жариялансын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                              Р.Д. Косинов

 

Комиссия төрағасының орынбасары                               О. Г. Ушакова

 

Хатшысы                                                                                 М.С. Масабаева

 

Комиссия мүшелері:                                                           М.Н. Аяганова

        

                                                                                              С.Ю. Миненко

 

Р.С. Руспаев

 

                                                                                              Е.В. Таранова

Дата публикации
28 декабря 2022