Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 05 қарашадағы Конституциялық заңының 15-1-бабына және Орталық сайлау комиссиясының «Мәслихаттардың сайланатын депутаттарының санын айқындау туралы» 2022 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысы негізінде, Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шекараларда Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 12 (он екі) бір мандатты аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  2. Осы қаулының көшірмесі Шемонаиха аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық газеттерде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комиссиясының төрағасы                                                             Р. Косинов

 

Комиссиясының хатшысы                                                             О. Ушакова

Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
28 декабря 2022