Шемонаиха қаласының жергілікті қоғамдастығы
жиналысының хаттамасы
Шемонаиха қ. 26 желтоқсан 2022 жыл
Жиналыс өкілдерінің жалпы саны - 25
Жиналысқа қатысқандар – 16 человек.
Е.В. Драчев - Шемонаиха қаласының әкімі:
Жиналыс хаттамасын жүргізу үшін төраға мен хатшыны сайлау қажет. Құрметті жиналысқа қатысушылар, қандай ұсыныстар болады? Сергей Иванович Казарцевті төраға етіп сайлау туралы ұсыныс түсті. Дауыс беруіңізді сұраймын. «Қолдап» -16, «қарсы»-0, «қалыс қалғандар»-0 дауыс берді. Жиналыс төрағасы сайланды.
Хатшы болып Валентина Николаевна Камчатнаяны сайлау туралы ұсыныс түсті. Дауыс беруіңізді сұраймын. «Қолдап»-16, «қарсы»-0, «қалыс қалғандар»-0 дауыс берді. Жиналыс хатшысы сайланды.
Сөз жиналыс төрағасына беріледі.