Шемонаиха ауданы бойынша 2023 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10) тармағына, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  7-1-бабына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

 

  1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - болу құнының 5 (бес) пайызымен бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресмижарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданы бойынша 2023 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
29 ноября 2022