Назар аударыңыз аукцион
Шемонаиха ауданының әкімдігі 2022 жылғы 02 желтоқсанда сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі-Тізілімнің веб-порталы) бағаны көтеру шартымен жер учаскелерді сату жөніндегі электрондық аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), паспорттық деректер;
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері (жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, банк атауы, бенефициар коды);
4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).
Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қояды.
Сауда-саттыққа қатысушыларының өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут ішінде аяқталады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын түспеуі тізілімнің веб-порталымен өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Аукцион Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі мен жұма аралығында аукцион залында өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.
Аукционға қатысуға рұқсат етілген қатысушыға аукцион залына веб-портал берген аукцион нөмірі бойынша кіруге рұқсат етіледі.
Бағаны көтеру аукционына қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
Бағаның өзгеру қадамы былай белгіленеді: сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 20000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде-10% мөлшерінде.
Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) %-ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;
2) қалған сома жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізіледі.
Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) %-ын құрайды, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) кем болмайды және 30 (отыз) мың АЕК-ден аспайды.
Кепілдік жарнаны ұйымдастырушы қабылдайды және сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген деректемелеріне енгізіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сатуға қатысуға мәлімделген шарттарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартылған жағдайда, енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайды, қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар төленетін аванстық төлем шотына аударылады.
Бағаны көтеру шартымен аукционға келесі сату объектілері шығарылады:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов атындағы көшесі, жер учаскесі 176 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0500 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 731250 тг, жер салығы 4706 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
2) гаражды орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Интернациональный көшесі, жер учаскесі 40/1 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0015 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 23625 тг, жер салығы 152 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
3) гаражды орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Жуков гараж массиві, жер учаскесі 24 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0036 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 56700 тг, жер салығы 365 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
4) гаражды орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Гагарин көшесі, жер учаскесі 44 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0024 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 37800 тг, жер салығы 243 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Заслонов көшесі, жер учаскесі 3 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0225 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 329063 тг, жер салығы 2118 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
6) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Вокзальный көшесі, жер учаскесі 171/2 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0288 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 453600 тг, жер салығы 2919 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
7) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Вербицкий көшесі, жер учаскесі 78/3 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0500 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 731250 тг, жер салығы 4706 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
8) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Астафьев көшесі, жер учаскесі 49Б мекенжайында орналасқан ауданы 0,0592 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 999000 тг, жер салығы 6429 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
9) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Астафьев көшесі, жер учаскесі 49/1 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0150 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 253125 тг, жер салығы 1629 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
10) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Вокзальный көшесі, жер учаскесі 255 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0600 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 945000 тг, жер салығы 6081 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
11) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Восточный қалтарысы, жер учаскесі 29 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0078 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 122850 тг, жер салығы 790 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.
12) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Восточный қалтарысы, жер учаскесі 30 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0986 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 1552950 тг, жер салығы 9994 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 232942,50 тг.
Анықтама телефоны 8(72332) 3-19-57)- «Шемонаиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.