«Шемонаиха ауданының 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағыәлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» АҚПАРАТ

1.Өнеркәсіп

          Ауданда 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өнімісомасы 84,5 млрд.теңгеге өндірілген, өткен жылғы деңгейге 135,5%. Нақты көлем индексі 107,8%.

Өткен кезеңде тау-кен өнеркәсібі саласында сомасы 56,2 млрд.теңгеге өнім өндірілген, өткен жылдың деңгейіне123 %.Нақты көлем индексі 94,1 %. Мыс-мырыш877,1 мың тонна (өткен жылдың деңгейіне98,8%), мыс концентраттары 58,4 мың тонна (84,1%), қорғасын концентраттары 1,6 мың тонна (88,9%), мырыш концентраттары 30,9 мың тонна (103,7%) өндірілді.

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 26,4 млрд. теңгені құрады, 2021 жыл деңгейіне 177,5 %. Сала бойынша ТКИ – 149,3 %. Азық-түлік (160,7%), жеңіл өнеркәсіп (279,1%), ағаш және тығын бұйымдары (153,6%), қағаз өнімдері (133,3%), жиһаз (421,0%) өндірісінің көлемі ұлғайтылды.

 

  1. Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі37,2 млрд.теңге, өткен жыл деңгейіне 124,0%. Нақты көлем индексі-110,4%.

Мал шаруашылығыжалпы өнімінің көлемі11,7 млрд.теңге, өткен жыл деңгейіне 118,7%. Нақты көлем индексі-103,3%.

Мал басы: ІҚМ – 23422 бас (100,0%), оның ішінде сиыр 10 382 бас (102,5%),қой және ешкі – 11147 бас (106%),шошқалар –11 471 бас (105,4%), жылқылар – 3 115 бас (106,4%),құстар – 82 433 бас (104,8%).

Тірі салмақтағы ет 4,0 мың тонна (101,2%), сүт – 38,4 мың тонна (105,5%), жұмыртқа – 7 478 мың дана (102,8%) өндірілді.

Жыл соңына дейін мал басын көбейту мақсатында жоспарланған:

- ЖК «Пиотрович В.А.» (Шемонаиха қаласы) ет бағытындағы 20 бас ірі қара мал сатып алу;

- «Три солнца» ЖШС (Верх-Уба ауылдық округі) қазақтың ақбас тұқымды ірі қара мал басын 30 бастан 50-ге дейін ұлғайту;

- «Ново-Ильинское» ЖШС (Первомайский кенттік округі) Жарма ауданынан қазақтың ақбас тұқымды 35 бас ірі қара мал сатып алу;

- «Рулиха» ЖШС (Каменев ауылдық округі) Нидерландыдан 480 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелу.

Өсімдік шаруашылығыжалпы өнімінің көлемі 25,4 млрд.теңге, өткен жыл деңгейіне 126,6%. Нақты көлем индексі-113,9%.

Ауданда 230,4 мың га ауыл шаруашылық пайдалы жер бар, оның ішінде                     140,8 мың гектар егіндік, 17,5 мың гектар шабындық.65,4 мың гектар жайылым. Тыңайған және жарамсыз жерлер жоқ.

76,6 мың га алаңда күздік және жаздық дәнді дақылдарды жинау аяқталды, жалпы жиын-терім 21,6 ц/га орташа өнімділікпен 165,6 мың тоннаны құрады (2021 жылы - 94% жиналды; жалпы жиын - 181,2 мың тонна, 25,3 ц/га орташа өнімділікпен), оның ішінде:

-күздік бидай 5,8 мың га алқаптан жиналды, жалпы жинау 11 мың тонна астықты құрады, өнімділігі 19 ц/га (2021 жылы – 6,2 мың га, жалпыжинау – 19,6 мың тонна, өнімділік – 31,7 ц/га құрады);

          -күздік қара бидай 1,8 мың га алқаптан жиналды, жалпы жинау 3,5 тоннаны құрады, өнімділік 19,3 ц/га (2021 жылы – 1,8 мың га, жалпы жинау – 4,89 мың тонна,өнімділік – 23,2 ц/га);

          -арпа 17,8 мың га алқаптан жиналды, жалпы жинау-40,5 мң тонна, өнімділік 22,8 ц/га (2021 жылы – 21,4 мың га, жалпы жинау – 55,9 мың тонна, өнімділік 26,1 ц/га құрады);

-сұлы 2,2 мың га алқаптан жиналды, жалпы жинау – 3,1 мың тонна, орташа өнімділік 14,2 ц/га,(2021 жылы  - 2,15 мың га, жалпы жинау – 4,7 мың тонна, өнімділік 21,8 ц/га);

-бұршақ 2,9 мың га алқаптан жиналды, жалпы жинау 7 мың тонна астықты құрады, өнімділігі 23,4 ц/га (2021 жылы- 3,2 мың га, жалпы жинау-8,24 мың тонна, өнімділігі 25,8 ц/га);

-жаздық бидай 41,5 мың га алқаптан жиналды, жалпы жинау 89 мың тонна астықты құрады, өнімділігі 21,4 ц/га (2021 жылы – 33,5 мың га (96%), жалпыжинау – 80,2 мың тонна, өнімділік – 24 ц/га құрады).

Күнбағыс 48,2 мың га алаңнан жиналды (99,6%), өнімділік 20,5 ц/га (2021 жыл – 16,3 ц/га).

2023 жылдың өніміне 5,14 мың га ауыл шаруашылығы дәнді дақылдары егілді, оның ішінде күздік бидай 4 мың га, қара бидай 1,14 мың га құрайды.

Жем дайындау жалғасуда. 50 мың тонна шөп (100%), 10 мың тонна сабан (100%), 16,8 мың тонна пішендеме (105%), 66,5 мың тонна сүрлем (81%) дайындалды.

Ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде аудан шаруашылықтары бағдарламалар бойынша жеңілдікті кредиттер алды:

1.«Агробизнес» - ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға («Иртыш-ТАНур плюс» ЖШС, «Шад» ШҚ) 101,0 млн. теңге алынды;

2.«Кең дала» -айналым қаражатын толықтыру тұқым, минералды тыңайтқыштар және қосалқы бөлшектер сатып алу («Рулиха» ЖШС, «Ново – Ильинское» ЖШС-147,5 млн.теңге).

 

3.Шағын бизнес

2022 жылғы 1 қазанға шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектілері саны 2 192 бірлікті құрады (өткен жылғы деңгейге 104,4%).Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлеміндегі үлесі 91,5% құрады.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 180,6 млн.теңге сомасына 17 жеңілдікті кредит берілді және жалпы сомасы 222,6 млн. теңгеге 18 жобаға кепілдік берілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «PR-Tex» ЖШС «50 орындық паллиативтік-оңалту орталығын ашу» жобасы 30,0 млн.теңге сомасына мақұлданды. Жобаның жалпы құны 96,0 млн. теңге.

Бөлшек тауар айналымының көлемі10,4 млрд.теңгеніқұрады, 2021 жылдың деңгейіне 115,0%. Нақты көлем индексі - 100,6%.

 

 

 

  1. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешен

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 30,5 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,9%.

Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 17,5 млрд. теңге, 2021 жыл деңгейіне 119,9%,  табиғи көлем индексі115,3%.

Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға беру жалпы алаңы 4 045 шаршы метрді құрады(105,1%).

 

  1. Бюджет

Жеке кірістер бойынша аудан бюджеті 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 115,8% орындалды, жоспар бойынша 2 358,9 млн.теңге, нақты түскені 2 732,3 млн.теңге, өткен жыл деңгейіне 134,9%. Бюджеттің 4 деңгейінің орындалуы 127,6% құрады, жоспар бойынша 232,0млн.теңге, нақты түскені 296,0 млн.теңге.

2022 жылдың 1 қазанына бағдарлама әкімшілерімен бюджет қаражатын игеру-99,9% жоспар бойынша 2 974,4 млн.теңге, 2 972,5 млн. теңге игерілді.                       Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоттарындағы қалдық 1,9 млн. теңгені құрады. Қалдықтардың негізгі себептері: бос жұмыс орындары, еңбекке жарамсыздық парақтары есебінен – 0,2 млн.теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу - 0,1 млн.теңге, алушылар санының азаюы есебінен – 1,1 млн.теңге, дұрыс ресімделмеген құжаттарды қайтару – 0,1 млн.теңге, дөңгелектеу есебінен-0,4 млн. теңге.

 

6.Халықты жұмыспен қамту

Орташа айлық еңбекақы 258 538 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне 129,3%.

          2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны  319 адамды құрады, ол 2021 жылғы деңгейден 10,4%жоғары (2021 жылғы 01 қазанға 281 адам). Талданып отырған кезеңде 285 тұрақты жұмыс орны құрылды (2021 жыл – 357). 691 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту қызметіне жүгінендер санынан  аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 69,2% құрады (2021 жылдың 01 қазанына – 84,9%).

          Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 286 адам тартылды, жастар тәжірибесіне 20 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 25 адам жолданды.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте атаулы әлеуметтік көмек 35,6 млн.теңге сомасына 160өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді (590 адам), 1,8 млн. теңге сомасына 89 алушыға тұрғын үй көмегі төленді.

 

7.Білім беру

Ауданда 5 190 оқушысы бар жалпы білім беретін 23 мемлекеттік және 1 жеке меншік жалпы білім беретін мектеп, 780 баланы қамтитын 2 қосымша білім беру мекемелері, 1261 баланы қамтитын 11 балабақша, 13 шағын орталықтар жұмыс істейді.

          3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 2-ден 6 жасқа дейін – 85,0%. МДББҰ 0 жастан 3 жасқа дейін 325 бала кезекте тұр. 

         

 

 

  1. Денсаулық сақтау

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ауданда 310 адам туылды,                      2021 жылдың ұқсас кезеңінде 367 (57 адамға аз), 483 адам қайтыс болды, 566-ғақарсы (83 адамға аз). Нәрсете өлімінің 3 жағдайы  тіркелді, 1000 тірі туылғанға көрсеткіш 9,4. Ана өлімі тіркелген жоқ.

Туберкулезбен сырқаттанушылық 21 жағдай немесе 100 мың тұрғынға 50,2 (2021 жыл – 18 жағдай, 100 мың тұрғынға 43,0). Туберкулезден  қайтыс болған 2 жағдай тіркелді (2021 жылы – 0 жағдай), 100 мың тұрғынға 4,8 .

Қатерлі ісікпен ауыру 100 мың тұрғынға 322,4 (2021 жыл-307,2),өлім-жітім 100 мың тұрғынға 119,4 жағдай тіркелді (2021 жыл – 100,8).

 

  1. Құқықтық тәртіпті сақтау

Аудан аумағында жасалған қылмыс саны өткен жыл деңгейінде қалды және 282 құрады. Қылмыстың жалпы ашылуы 80,4% (2021 жылы – 85,8%).

Ағымдағы жылы 20 ЖКО болды, онда 27 адам зардап шекті, 7 адам қайтыс болды (2021 жылы -  10 ЖКО, 10 зардап шегуші, 6 қайтыс болған).

 

 

Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы                                                              А.Самойлова

 

 

 

 

«Шемонаиха ауданының 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағыәлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» АҚПАРАТ
Дата публикации
03 ноября 2022