Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
  2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 04 мамырдағы № 135 "Шемонаиха ауданы бойынша сайлау кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5926 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Г.А. Раимбековаға жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Шемонаиха ауданының әкімі

Г. Акулов

 

"КЕЛІСІЛДІ"
Шемонаиха аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының

төрағасы

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Дата публикации
01 октября 2022