Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/18–VII «Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі мен мөлшерін айқындау туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/18–VII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8557 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшерін анықтау:

Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес»;

2-тармақтың 2) тармақшасының 1-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

НҚА жобасы
Дата публикации
17 августа 2022