Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шемонаиха ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда толықтырылсын:
«1. Шемонаиха ауданында мүгедек адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;
Шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.