Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VІ «Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау қағидаларын бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-193 болып тіркелген)шешімінемынадай өзгерістер енгізілсін:
17-тармағының 2) тармақшасы «бірінші және екінші топтағы мүгедектер», «мүгедек балалар» деген сөздер «бірінші, екінші топтағы мүгедек адамдар», «мүгедек балалар» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасының 23 тармағында «мүгедектер», «мүгедек балалар» деген сөздер тиісінше «мүгедек адамдар», «мүгедек балалар» деген сөздермен ауыстырылсын.