Шемонаиха ауданының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Шемонаиха ауданының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы АҚПАРАТ

 

  1. Өнеркәсіп

2022 жылғы қаңтар-маусым айларындасомасы 56,1 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді,өткен жылдың деңгейіне131,1%. Табиғи көлем индексі 107,8 % құрады.

Өткен кезеңде тау-кен өнеркәсібі саласында сомасы 36,0 млрд.теңгеге өнім өндірілген, өткен жылдың деңгейіне116,5%.Табиғи көлем индексі 90,8 %.

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 18,8 млрд. теңгені құрады, 2021 жыл деңгейіне 177,0 %. Сала бойынша ТКИ – 154,0 %.

 

  1. Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі  7,2 млрд.теңгені құрады, өткен жылғы деңгейге 116,4 %. Табиғи көлем индексі – 101,9%.

Мал шаруашылығының жалпы өнімін өндірудің көлемі 7,2 млрд. теңге, өткен жылғы деңгейге 116,4%. Табиғи көлем индексі – 101,9%.

Мал басы: ІҚМ – 25 936 бас (100,9%), оның ішінде сиыр 10 333 бас (103,5%), қой және ешкі – 13 914 бас (104,8%), шошқалар –12021 бас (100,3%), жылқылар – 3 566 бас (107,1%), құстар – 83 633 бас (104,7%).

Тірідей салмақта ет өндірісінің көлемі 2,4 мың тонна (101%), сүт – 23,7 мың тонна (104,0%), жұмыртқа – 4 458мың дана (101,2%) өндірілді.

Ауданда 12 СТФ, 5 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді. «Рулиха» ЖШС«600 бастан 1080 басқа дейін СТФ кеңейту» жобасы іске асырылуда. Нидерландыдан 480 бас голштино-фриз тұқымының аналық басын әкелу ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.

            Ауданда 223,3 мың га ауыл шаруашылық пайдалы жер бар, оның ішінде    141,8 мың гектар егіндік, 64,8 мың гектар жайылым және 16,7 мың гектар табиғи шабындық.

         Аудан бойынша егін алаңы 141,8 мың гектарды құрайды, оның ішіндежаздық егіс 125,8 мың га. Жаздық егістіктің 57% астамын дәнді дақылдар, 39% майлы дақылдар алады.

         Ағымдағы жылы суармалы егістік көлемі 85% ұлғайып, 1 480 гектарды құрады (есептіден 70,8% - 2 089 га).Топырақтың құнарлығын және ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 18 мыңтоннадан астамәр түрлі минералды тыңайтқыш сатып алды.Егістіктерге химиялық өңдеу жүргізілді, егістіктерді арамшөптерден, аурулар мен зиянкестерден тазарту үшін 100 тоннаға жуық түрлі химиялық препараттар сатып алынды.

Ұлттық жобаларды жүзеге асыру аясында аудан шаруашылықтары бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несиелер алды:

1. «Агробизнес» - ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 101,0 млн.теңге алынды («Иртыш-ТАНур плюс», «Шад» ШҚ);

2. «Кен дала» - айналым қаражатын толықтыру, тұқым, минералды тыңайтқыштар мен қосалқы бөлшектер сатып алу («Рулиха» ЖШС, «Ново-Ильинское» ЖШС) - 147,5 млн.теңге.

 

Шемонаиха ауданының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Дата публикации
03 августа 2022