Усть-Таловка кенті жергілікті қоғамдастығы жиналысының хаттамасы

Усть-Таловка кенті жергілікті қоғамдастығы

жиналысының хаттамасы

 

 

Усть-Таловка кенті                                                                        2022 жылғы 21 шілде

 

Жиналыс мүшелерінің жалпы саны – 16

Жиналыстың қатысқан мүшелерінің саны - 9

(№1-қосымша. Қатысқандардың тізімі)

 

А.Б.Боровикова – Усть-Таловка кентінің әкімі: Жиналыс хаттамасын жүргізу үшін төрағаны және хатшыны сайлау керек.

Құрметті жиналысқа қатысушылар, қандай ұсыныстарыңыз бар? Төрайым ретінде Светлана Васильевна Тарасенконы сайлау ұсынысы түсті. Дауыс бергендер: «қолдаған» - 9, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0. Төрайым болып Светлана Васильевна Тарасенко сайланды. Хатшы ретінде Светлана Афанасьевна Нецветті сайлау ұсынысы түсті. Дауыс бергендер: «қолдаған» - 9, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0. Хатшы ретінде Светлана Афанасьевна Нецвет сайланды.

С.В.Тарасенко – жиналыс төрайымы:

Жиналыстың күн тәртібіне көшеміз. Бүгінгі қарауда келесі мәселелер тұр:

  1. Аудандық бюджеттен трансферттер арқылы бюджеттік бағдарламалар бойынша іс-шараларды нақтылау;

          2. Бұрын жоспарланған қаражатты қайта бөлу.

 «Аудандық бюджеттен трансферттер арқылы бюджеттік бағдарламалар бойынша іс-шараларды нақтылау» бірінші мәселе бойынша дауыс беруді сұраймын: «қолдаған» - 9, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0.

«Бұрын жоспарланған қаражатты қайта бөлу» екінші мәселе бойынша дауыс беруді сұраймын: «қолдаған» - 9, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0.

Жиналыстың күн тәртібі бекітілді.

 

Усть-Таловка кенті жергілікті қоғамдастығы жиналысының хаттамасы
Дата публикации
22 июля 2022